ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Дін қызметкерлері алғысқа бөленді

Дін
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, Шардара ауданы бойынша қала, ауылдардағы діни ахуалды тұрақтандыру бағытында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізуде белсенділік танытқан ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы бұл шара ауданның дамуына үлес қосқан үздіктердің еңбегін бағалау және болашақта да оларды шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылғанын айтып, аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың Алғыс хатымен өткен жылы дін саласында қоғам үшін атқарған ерен еңбектері мен белсенділігімен көзге түскен бірқатар азаматтарды марапаттады.
Оларды атап өтсек, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-мамандары Д.Аманов, Г.Бекжан, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог-маман А.Данияров, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог-маманы Е.Сариев, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев, Қоссейіт ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә.Әлденеев, Ұзын ата ауылдық округі аппаратының бас маманы О.Алиев, Алатау батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Төребаев, Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Халбеков, Ақшеңгелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Ташимбетовты марапаттады.
Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлы марапатқа ие болған дін саласына жауапты мамандарының жұмыстарына сәттілік тілеп, олармен естелікке суретке түсті.

«Шартарап–Шарайна» –
ақпарат
Made on
Tilda