Жанар Әлімбекова – Шардара ауданындағы «Комсомол» орта мектебінің (қазіргі Ұзын ата ЖББМ) түлегі. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Еңбек және кәсіпкерлік пән» мамандығы бойынша бітірген. М.Горький атынбсғы ЖББ мектепте сурет пәнінен сабақ береді. Педагог – зерттеуші. Еуроазиялық Дизайнерлер Одағының, Қазақстан Этнодизайнерлер Одағының мүшесі. Еңбек өтілі 24 жыл.
Мұғалім оқушыға тек білімді жеткізуші адам ғана емес сонымен қатар тәлімгер, шабыт сыйлаушы, бейімділік қабілеттерін арттырып, өздерінің іс-әрекеттері арқылы да үлгі көрсетуші. Өзінің бойындағы бар қабілетін оқушысына сыйлап, бағыт-бағдар беруші. Сондай ұлағатты ұстаздың бірі – Әлімбекова Жанар Өсербайқызы.
Жанардың әжесі мен анасы қол өнер шеберлері болған. Анасы мектепте көркем еңбек сабағын берген, дизайнер болған. Жанар құрақ құрау, тігіс тігу, тоқыма тоқуды осы екі кісіден үйренген. Оның қабілеттілігін байқаған анасы Шайхисламова Айса Саладинқызы мен әкесі Әлімбеков Өсербай Бектемірұлы да «Қызым, өзің ұнатқан мамандықты таңдап, оны сүйіп атқарсаң пайдасын өзің де көресің, қоғамға да көрсетесің» дейді. Сол сөзді есінде сақтап, мектеп бітірген соң Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түседі.
Университетті бітіріп қаладағы М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектепке орналасқаннан кейін де университетте алған білімін одан әрі ісімен ұштастырып, қолөнердің жаңа түрлерін жасаумен үзбей айналысты. Тәжірибелі ұстаздар Косивиева Зинаида Андреевна мен Цой Людмила Феофановнаның іс-тәжірібесін үйреніп, өзінің біліктілігін арттырды. Түрлі қолөнершілердің байқауларына қатысты. Әр жетістікке жеткен сайын өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы арта түсті.
Нәтижесінде Алматы қаласында өткен Наурыз мерекесіне арналған жәрмеңкеде көрмесін ұйымдастырды. Алматы Ұлттық музейінде көрмесін өткізді.
Бурабайда өткен халықаралық қолөнер шеберлері мен көркем еңбек мұғалімдері симпозиумында шеберлік сыныбын көрсеткені үшін Дипломмен марапатталып, Түркия елінің Алания қаласында өткен Түркі сән және өнер халықаралық фестиваліне қатысып, қазақ қол өнері бұйымдарын насихаттап қайтты. Қазақстан Этнодизайнерлер Одағына, Еуроазиялық Дизайнерлер Одағына мүше болып қабылданды.
Әрине бұл жетістіктер оңайлықпен келген жоқ. Көп еңбектің, ізденістің нәтижесінде қолы жетті. Енді өзінің жолын оқушыларға үлгі етуде. Әр сабағы оқушыларының қолөнерге деген қызығушылығын арттырумен тартымды өтуде. Нұрбану Бақтиярқызы, Сәлима Молдаш, Гүлбану Жұмахан және Нұрайым Сәрсенбаева секілді оқушылары аудандық «Алтын қазына» байқауының жүлдегерлері. Нұрия Дүйсек болса «Алтын қазына» көркем және сәнді өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының аудандық кезеңінде «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдік өңдеу» номинациясына, облыстық кезеңінде «Үздік бұйым» номинациясына ие болып, Дипломмен марапатталды. Бұндай жетістіктерге жеткен оқушылары көптеп саналады. Ал, Жанардан өнер үйреніп қазіргі таңда Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің киім дизайнері мамандығында екінші курста оқып жүрген оқушысы Жанна Көбей үнемі хабарласып ризашылығын білдіріп тұрады.
– Еңбек сабақтарында қолданбалы өнердің жаңа түрлерімен танысу қыздардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл олардың ой өрісін кеңейтіп, қол еңбегінің дағдыларын қалыптастырады, – дейді Жанар Өсербайқызы.
Мектепте оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беру мен қатар оларды еңбекке, оның ішінде қолөнер шеберлігіне баулуда өзінің айрықша үлесін қосып жүрген Жанар Өсербайқызының еңбегі мақтауға тұрарлықтай. Осындай шәкірттерінің, мектеп ұжымының, оқушылардың ата-аналарының құрметіне бөленген ұстаздар қатары көбейе берсін дейміз.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ