ШАРТАРАП ШАРАЙНА

КӨКСУЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚ

Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың «әр ауыл округінде шағын кәсіпорын немесе цех ашу қажет»- деген тапсырмасына сәйкес Шардара ауданына қарасты Көксу ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Әлтай Заур «Ауыл Аманаты» жобасымен несиелендіріліп, өз кәсібін дөңгелетуде. Қазіргі таңға кәсіпкер жем майдалау цехы мен автожуу бекетін іске қосты. Сонымен қатар, қосымша мақта түту цехы, желімдеу және дәмхана нысандарының құрылысын жүргізуде. Бүгінгі күні ол 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкердің жұмысымен танысуға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев арнайы барып, Әлтай Заурдың жұмыс жоспарларын тыңдады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге деген қолдауларды түсіндіріп, кәсібіне сәттілік тіледі.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda