Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі дене шынықтырудың маңызы зор. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының, дене шыныктыру тәрбиесінің мақсаты дене бітімін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, дене тәрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы оның козғалыс белсенділігін жетілдіру және саламатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Жалпы мектеп спорт залы мен ойын алаңшаларына қойылатын санитариялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес анықталады.
Спорт залдарының жанынан бірнеше бөлмелер болады: ер балалар мен қыздарға арналған киім шешетін бөлмелер, олар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен және орындықтармен жабдықталады. Спорт залдардын әр киім шешетін орындары жанындағы дәретханаларда 1 унитаз, 1 қолжуғыш және 2 себезгі торы орнатылуы, сонымен қатар ыстық және суық сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Табиғи және жасанды жарық беру, оңтайлы микроклиматты, тиімді желдету үшін қажетті жабдықтардың болуы керек, жаттығу жасайтын орын мен өзге де бөлме, алаңдардың санитариялық жағдайда ұсталуы, сондай-ақ құрал-жабдықтарға қойылатын талаптардың сақталуын қарау қажет. Спорт залының жылыту жүйесінің радиаторлары терезе астындағы қуыстарда орналастырылады және торлармен жабылады немесе еденнен биіктігі 2,4 метрде орналастырылады. Терезелерде және жарықтандыру аспаптарында қоршау құрылғылары көзделуі тиіс. Спорт залының едені ағаштан болуы немесе арнайы төсемі болуы, еденнің беті тегіс, саңылаусыз және ақаусыз болуы тиіс.
Ашық ауадағы спорт аймағында дене шынықтыру және спорт ойындарына қажетті алаңдар орналасады. Онда волейбол, баскетбол, футбол ойындарын ойнауға арналған алаңдар, жеңіл атлетикалык жугіру жолдары, секірулер мен лактыру үшін орындар белгіленеді. Алаңдар тастардан, ағаш бұтақтарынан, шыны сынықтарынан тазартылып, балалардың денесіне зиян келтірмеу үшін таза ұсталуы тиіс.
Ойын және спорт алаңдарының жабдықтары мен жиһазы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойына және жасына сәйкес келуі тиіс. Спорт, ойын жабдығы жарамды күйде ұсталуы тиіс.
Спорттық снарядтар негізінен металл және ағаштан жасалады. Негізгі снарядтар: айналмалы барабан, швед қабырғасы, гимнастикалық снарядтар, бөренелер мен штангалар. Спорт, ойын жабдығы жарамды күйде ұсталады, төсеніштер мен снарядтардың жабыны (қаптамасы) ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретіндей бүтін болады.
Спорт залы мен бөлмелерінің дезинфекциялануы бойынша шаралардың орындалуы және жеке бас гигиенасын сақтау үшін жағдай жасау ерекше маңызға ие.
УМЕШОВА Гулжан Амирешовна,
Шардара аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.