Шардара аудандық Саз мектебінің түлектері бүгінде жоғары қызметте, белгілі дәрежеде өнер көрсетіп, халық алдында жүрген белді азамат пен азаматшалар. Бұндай жетістіккке жетуде шәкірттерге әрқашан ұстаздың әсері барын барша жұрт біледі. Сондай ұстаздардың бірі, жас маман Гүлмарал Ержанқызы бүгінгі күні аудандық Саз мектебінде шәкірттеріне қисса, дастандар жат-татып, қазақы дәстүрдегі әндерді үйрету арқылы 6-12-15 жас аралығындағы балалардың бойына ұлттық құндылығымызды сіңіріп, ұлтжанды етіп тәрбиелеу жолында еңбек етуде. Ұлттың ертеңі болар ұрпақ санасына ұлттық құндылықты сіңірудің маңыздылығы жайлы Гүлмарал былай дейді.
–Мен Жақыпбай Гүлмарал Ержанқызы 1998 жылы Шардара қаласында дүниеге келдім. Кішкентайымнан өнерге бейім, сұлулыққа жаным құмар жан болып өстім. 7 жасымнан Шардара балалар саз мектебінде әннен, биден сабақ алып, аудандық концерттерде, байқауларда бақ сынап жүлделі орындарға ие болдым. Аудан атынан «Жас қанат», «Ақ көгершін» секілді байқауларға қатысып, лауреаты болып, Астана қаласында өтетін байқауларға жолдама алып І, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталдым. Содан 9 сыныпты аяқтап, Шымкент Саз колледжіне «Вокал» мамандығына оқуға түстім. Ол жақта «Қазақ Романсиада», «Надежда» байқауларында ең жас қатысушы номинациясына ие болдым. Шәмші әндерінің байқауына қатысып облыс әкімінің арнайы сыйлығына ие болдым. Астанада өткен Шабыт «Қазақ ұлттық өнер университеті» халықаралық олимпиадада 1 орын алып, грант жеңіп алдым. Қысқасы, екі оқуымды да қызыл дипломмен тәмамдадым. Астана қаласындағы «Опера және балет» театрында жұмыс жасап, отбасылық жағдайға байланысты ауылыма қайта оралдым, -дейді өнерлі жас ана.
Яғни, Гүлмарал Жақыпбай Шардараға 2023 жылдың қазан айында жұмысқа шақырылып, Саз мектебіне 12 қазан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. Қазіргі таңда өнерлі 4 шәкірті бар. Аталмыш мектепте Аманжол Айзере атты шәкіртімен етене жұмыс жасап, жақында ғана Түркістан қаласында өткен «Ғұмырдария» республикалық байқауына қатыстырып, І дәрежелі дипломмен, ал өзі Алғыс хатпен марапатталып қайтқан жайы бар. Сондай-ақ Айзере «Тәуелсіз Қазақстан» атты рес-публикалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен мадақталған. Сондай-ақ Гүлмарал Шардара қаласына келмей тұрып та Астана қаласында балалармен жеке жұмыс жасаған. Көптеген оқушылары «Қазақстан дауысы балалар» деген жобада өнер көрсеткен. Астанадағы Қарақат мектеп студиясы мен Мөлдір Мұқанованың өнер-білім орталығында жұмыс жасағандықтан, ондағы оқушылар да телевизиялық концерттерге шығуға мүмкіндіктері көп болғанын айтады жас маман.
–Мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болғандықтан, міндетім – мекте-біміздің барлық оқушыларын байқауларға жіберіп, мектепішілік, аудандық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, мектебіміздің абыройын асқақтатып, кішкентай балапандардың арманындарының орындалуына үлес қосу. Бұдан өзге де армандарым өте көп. Қалада сондай үлкен деңгейде жұмыс жасап келгендіктен, біздің ауданымыздың өнері мен мәдениеті де сондай жоғары деңгейде болса екен деген тілегім бар. Ауданымызда өте талантты, өте дарынды аға-әпкелеріміз бар. Солардың қасында жүріп, мен де бір үлесімді қоссам, талантты оқушыларды телевизиялық байқауларға, конкурстарға жіберсем деген ізгі ниетімді қалайда жүзеге асырып, ұлттық құндылықтармен сусындатып, өз ұлтының мақтанышы еткім келеді, -деп өз жүрекжарды лебізін жеткізді.
Гүлмарал қазіргі таңда екі ұлды тәрбиелеп отырған жас ана, аяулы жар, ибалы келін. Сонымен қатар, Гүлмарал өзінің қолынан келетін өнерін шәкірттеріне үйретуден жалықпайтын азаматша. Оның еңбек етудегі үздіксіз ізденімпаздығының нәтижесін әріптестері де жақсы біледі. Болашақта Гүлмарал Ержанқызының шәкірттерін тек биіктерден көріп, жақсы жаңалықтарына ортақтаса берейік!
Бота БОЛАТОВА