Көктем-жаз мезгілдері басталды дегенше, үлкен-кіші сүйіп жейтін жұмсақ балмұздақ сататын орындар қызметін бастайтыны белгілі. Ыстық күнде мауқыңды басатын бұл асқа көпшілігіміз құмартып-ақ тұрамыз. Дегенмен, жұмсақ балмұздақ сатып аларда абай болған жөн. Өйткені, бірқатар санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда уланып қалуыңыз әбден мүмкін. Жұмсақ балмұздақ фризерден шыға салып дайын болады. Оның консистенциясы нәзік, крем тәрізді. Осындай жұмсақ және дәмділігіне байланысты бұл балмұздақ мұздатылған балмұздаққа қарағанда жоғары сұранысқа ие. Жұмсақ балмұздақты дайындауға және сатуға қойылатын бірнеше санитариялық талаптарға тоқтала өтсем. Яғни, балмұздақты жасауға қажетті құрғақ қоспаларды қалпына келтіру үшін жаңа қайнатылған ауыз суын пайдалану;
- Қалпына келтірілген қоспаларды сақтауға болмайды, сондықтан балмұздақты алдын ала дайындамай, сатылар алдында дайындау қажет;
- Дайындау барысында шикі жұмыртқа, шикі пастерленбеген сүтті пайдалануға жол берілмейді;
- Нысанның қызметінің басталуы туралы хабарламаның болуы тиіс;
- Нысанда жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауға арналған жағдай жасалуы қажет
- Қызметкерлердің санитариялық киіммен қамтамасыз етілуі және жұмыс орнында медициналық байқаудан өткендігі туралы кітапшалары болуы тиіс;
- Жұмсақ балмұздақты тек дайындалған орында ғана сатуға жол беріледі;
- Өнімнің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы қажет;
Жұмсақ балмұздақ сатумен айналысатын кәсіпкерлер жұмсақ балмұздақ сату кезінде өнімнің қауіпсіздігін назарға алып, нысандарыңыздың жоғарыда көрсетілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуын және бұзушылықтарға жол берілмеуін жіті қадағаласаңыздар! Бұл – өте жауапты жағдай. Сонымен қатар, жуу, тазалау және залалсыздандыру құралдарының болуына, пайдаланылуына қойылатын талаптардың сақталуына аса мән берсеңіздер.
Жұмсақ балмұздақ сату орындары елеусіз топқа жататындықтан, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласымен мұндай нысандарға бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді. Жұмсақ балмұздақ сатумен айналысатын нысандар тек нысанның жұмысын бастағаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берумен шектеледі. Сондықтан, жұмсақ балмұздақты тұтынар алдында аса сақ болған дұрыс.
С.НАЗАРБЕКОВА - Шардара аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы