Ауыл шаруашылығында маусымдық, мерзімдік жұмыстарды уақтылы жүргізу үлкен маңызға ие. Себебі көктемде болашақ өнімге негіз қалау, баптау шаралары дер кезінде атқарылмаса күзде өнімнің де төмен болатынын диқан қауымы жақсы біледі. Ал ол үшін қажетті қаржының жетіспей, жұмысқа қолбайлау болатын кездері де болады. Осы кезде көмекке келіп, қажетті несиемен қамтитын несие ұйымдарына деген шаруалардың ризашылықтары да бар. Бұл бойынша аудан, облыс көлемінде тиімді жолдарын қарастыру мақсатында іс-шаралар өткізілуде.
Алатау батыр ауылдық округінде облыстағы қаржы мекемелерінің қатысуымен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына қосымша бөлінген несиелік қаражат жөнінде жиналыс өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Е. Кенжеханұлының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қолдау көрсету мақсатында өткізілген бұл шараға ауыл округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, сала мамандары, кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Ильясов ашып, жүргізіп отырды. Жиналыстың күн тәртібіне орай «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына қосымша бөлінген несиелік қаражат жөнінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент филиалы несиелендіру бөлімінің бас менеджері Тажмағанбетов Мұрат Амангелдіұлы бөлінген қаражаттың шарттарын кеңінен түсіндіріп, тиімді жақтарын айтып өтті және шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сол сияқты «Ырыс» микроқаржы ұйымының несие сарапшысы Рахатов Ақын Болатұлы бөлініп жатқан несиелік қаражаттар, оның берілуі мен қайтарылуы жайлы шаруаларға айтып түсіндірді.
Аудан әкімінің орынбасары С.Ильясов ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көрсетіліп жатқан өзге де қолдаулар жөнінде айта келіп, оны тиімді пайдалану қажеттігін ескертіп, жиынға арнайы келіп, қаржылық қолдау бойынша ақпарат берген қонақтарға шаруалар атынан алғысын білдірді.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ