Өзіңізді және балаларыңызды өзен-көлдерде қысқы мұз қату мезгілдерінде
орын алатын оқыс оқиғалардан сақтаңыз!
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!
– Балаларды су айдындарында ересектердің назарынсыз жібермеңіздер.
– Жұқа қатпаған мұзға шықпаңыздар.
– Мұздағы жарықшақтарға, шұңқырларға, ойықтарға жақын бармаңыздар.
– Жұқа мұзда топпен жиналмаңыздар.
– Қараңғы уақыт мезгілінде және де ауа райы бұзылған кездерде мұзға шықпаңыздар.
– Мұзда транспорт құралдарымен жүрмеңіздер.
АТА-АНАЛАР МЕН ҰСТАЗДАР!
Есте сақтаңыздар, мұз қату мезгілдерінде балалармен оқыс оқиғалар жиі орын алады. Балаларға мұз қату мезгілдерінде өзенге шығуға тыйым салыңыздар.
МҰЗДА ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ҚАҒИДАСЫ :
– Қандай жағдай болса да байбалам салмаңыз, шыдамшылық танытыңыз, мұз жарылған жағдайда үстіңізде рюкзак болса шешіңіз, қолыңызды екі жаққа бағыттап, кеудеңізбен мұз үстіне жатып алып, аяғыңызды жан жаққа жіберіңіз.
– Бірінші мұздың бетіне бір аяғыңызды, сосын екінші аяғыңызды шығарып алыңыз да, домалап ойықтан арырақ қашыққа аунап кетіңіз.
Егер де сіз мұз астында суға кетіп бара жатқан кісіге көмек көрсеткіңіз келсе, мұздың ойылған жеріне тұрған қалыпта жақындамаңыз, мұздың үстіне кеудеңізбен жатып алға жылжып қолдарыңызды, аяқтарыңызды жан жаққа жіберіп, суға батушыға жақындаған сәтте аяқты ыңғайлы жерге тіреп, арқан, шаңғы таяғы, шарф, сыртқы киімге байлап жәбірленушіге жеткілікті арқанның бір жағын лақтырыңыз.
Е. ПЕРНЕБАЙ – Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты