ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРА АРМСПОРТ ҚҰРАМАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ КӨШ БАСТАДЫ

Спорт
2025 жылдың 25-28 ақпан күндері аралығында армрестлингтен ересектер арасында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Шардара Армспорт құрамасы ерекше табыстарға қол жеткізді. Бұл чемпионатта Шардара құрамасы 11 салмақ дәрежесінің 8-інде жеңіске жетіп, өздерінің мықтылығын және жоғары деңгейдегі дайындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жеңіске жеткен спортшыларымызды атап өтсек:
55 келі салмақта ҚР чемпионы
Зәрубек Санжар
60 келі салмақта ҚР чемпионы
Алдан Нұрсұлтан
65 келі салмақта ҚР чемпионы
Әбсаттар Дәурен
70 келі салмақта ҚР чемпионы
Ерсайын Мейрамбек
90 келі салмақта ҚР чемпионы
Айдархан Нұрдаулет
100 келі салмақта ҚР чемпионы
Қаржау Есболат
110 келі салмақта ҚР чемпионы
Мухамбетов Рысдаулет
+110 келі салмақта ҚР чемпионы
Құттымұратов Медет
Шардара Армспорт құрамасының ел чемпионатында жеткен жетістігі тек спортшылардың еңбегінің нәтижесі ғана емес, сондай-ақ олардың өздері өскен өңірдің спортқа деген құрметін көрсетеді. Алдағы уақытта да Шардара құрамасы өз атағын қорғай отырып, жаңа жеңістерге қол жеткізеді деген сенім бар.
Барша жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымызды құттықтай отыра, алда бұдан да үлкен нәтижелерге жете берулеріне тілектеспіз!

"ShardaraArmsport-news"
Made on
Tilda