Кітап – адамның рухани байлығы. Кітап оқу – адамның дүниетанымын кеңейтеді, ой-өрісін дамытады. Өздеріңіз білетіндей, мектеп кітапханасында оқулықтармен қоса көркем әдебиеттер қоры бар. Бұл кітаптар мектеп оқушылары мен ұстаздарының алып оқуына арналған. Біздің басты мақсат – кітапханаға оқырмандарды тартып, балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту. Оларды мәдениеттілікке, еңбектенуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу міндетіміз деп түсінемін.
Кітап – біздің теңдессіз байлығымыз. Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, білім мен тәрбие беретін құрал. «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деп кітапты халқымыз аса құрметтеген. Халқымызда «Ізденген – жетер мұратқа» деген дана сөз бар. Яғни әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады.
Дүниеде балалар түсіне бермейтін жәйттер өте көп. Өмірді жете танығысы, бәрін білгісі келетін балалар үлкендерден «Ол кім?, «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген тәрізді сұрақтарды қойып, тыным таппайды. Міне, осындай сауалдарға жауапты кітаптан алуға болады.
Әрбір бала кітаппен танысқанда кітаптың адам өміріне қажетті қазына, білім мен тәрбие беретін қайнар бұлақ екенін түсінуі керек. Мен кітапханаға келетін оқырмандарға үнемі «Бір кітап оқысаң да, түсініп оқы, кітапты қалай болса солай оқуға болмайды. Кітапты белгілі бір мақсатпен жоспар бойынша оқып дағдылану керек, кітапты оқығанда ойға сақтауға, керекті жерін жаттап алуға, қажетті сөздерді жазып алып өмірде пайдалануға әдеттену қажет» деп айтып отырамын.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, ата-ана мен баланың арасында кітап оқығанда да қарым-қатынас мықты болуы керек. Ата-ана балалармен қаншалықты жақын болса, оның ойындағы мәселелерді бірге шешуге болады. Сұрақтар қою арқылы баланың неге қызығатынын біліп, қай жанрда кітап оқығысы келетінін білу оңайырақ болмақ. Мысалы, «Сүйікті кейіпкерің кім», «Өскенде кім боласың?», «Саған ертегілер ұнай ма?» деген секілді сұрақтар қою арқылы, ата-ана мен баланың арасындағы әңгімеде нәтиже болады. Осы сұрақтар төңірегінде сіз балаңыздың қаншалықты кітап оқитынын немесе кітапқа қызығатынын біле аласыз. Балалардың ертегі кітаптан бастап оқуына ықпал етіп, есейгенде басқа да көркем әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын оята білуіміз керек.
Бала жаны тек таңғажайып ертегі оқудан басталады. Ал біз оларға жол көрсетуші бола білейік!
Бесбаева Камила Ибрагимовна –
«Қоссейіт» жалпы білім беретін
мектебінің кітапхана меңгерушісі