ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Балаларды шынықтырудың гигиеналық міндеттері

Денсаулық
Ауа, күн сәулесі мен сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсеріне, сондай-ақ түрлі суық тию және жұқпалы ауруларға организмнің қарсылық көрсету қабілетін арттырудың ең жақсы және молынан пайдалануға болатын құралдары.
Мектеп жасындағы балаларды шынықтыруда мынадай нақты міндеттер қойылады бала организмінің ауруларға қарсы күресу төзімділігін арттыру; балалар мен жасөспірімдерді таза ауаны қажетсінуге тәр-биелеу, оларды температураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалысының күрт өзгерістерінен қорықпауға үйрету, балаларды қиындықтарды жеңе білуге, төзімді де батыл болуға тәрбиелеу.
Шынықтыру механизміне орталық нерв системасы үлкен роль атқарады: ол организмде болып жататын барлық процестерді басқарады.
Күн немесе су процедураларынан алынатын сыртқы тітіркеністер күрделі рефлекстер жолымен орталық нерв системасына, ал ол арқылы организмнің алуан түрлі функцияларына әсер еттеді.
Шынығу – организмнің ауа райының қолайсыз әсеріне төзімділігін арттыруға арналған шаралар жиынтығы. Шынығуға негізінен ауа, су, күн сәулесі пайдаланылады және бұлар дене шынықтыру жаттығуларымен байланыстырылса, шынықтырудың төзімділігі арта түседі.
Шынығу үшін ауаның маңызы. Балалардың тыныс алуының едәуір жеңіл типін ескергенде, балалар мен жасөспірімдердің үнемі таза ауада болуынның маңызы зор. Жазда балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру алаңдарындағы, бүкіл өмірі мүмкіндігінше бөлмеден тыс жерде өтуге тиіс. Оқушылардың ұзақ уақыт бойы таза ауада болуы көктем мен қыс кезінде де тоқталмауы тиіс.
Шынықтыру үшін судың маңызы. Организмді сауықтыру үшін су ежелден бері қолданылып келеді. Ауамен салыстырғанда судың жылу өткізгіштігі жоғары, сондықтан су бірдей температурада денеден көп жылу тартып алады. Шынықтырудан жақсы әсер алу үшін, тітіркенуді біртіндеп күшейту қажет яғни судың температурасын біртіндеп төмендету қажет.
Күн радиациясының шынықтырушы әсерінен терінің қыртыс қабаты айтарлықтай қалыңдайды, бұл оның тосқауылдық қабілетін күшейтетін организмнің суық тиюден болатын аурулар мен жұқпалы ауруларға төзімділігін арттырады. Күн сәулесі ваннасын қабылдай отырып, бала бір мезгілде күн радиациясының тікелей, шашырай және шағылыса түскен әсеріне тап болады. Баланың өсіп келе жатқан организм үшін табиғи ультракүлгін радиациясының ерекше маңызы бар.
Шынығу түрлері: Таза ауамен
Таза ауа – шынығудың ең кең тараған және жеңіл түрі. Бұл жағдайда жыл маусымының ерекшелігі ескерілуі тиіс:
Жылдың жылы кезеңінде шынығу үшін ұзақ уақыт таза ауада серуендейді; ауа температурасы 16°С-тан төмен болмаса, үйдің терезесін ашып қойып ұйықтауға болады;
Жылдың суық кезеңінде шынығу үшін белгілі бір уақыт жаяу серуендеу, шаңғы тебу, жеңіл киініп, шынығу жүгірісі деп аталатын "баяу", "жүгіру", коньки тебу т.б. пайдаланылады. Далада организмді мұздатып алмау үшін тез қимылдап, жаттығуды ұзаққа созбайды.
Жалаңаяқ жүру. Үйдің ішінде біраз уақыт жалаңаяқ жүру де пайдалы. Бұның ұзақтығын 1минуттан бастап, әрбір 5-7 күн сайын 1 минутқа ұзартып отырып, 10-15 минутқа жеткізеді.
Су процедурасы
Су ауаға қарағанда жақсы шынықтырады. Судың жылу өткізгіштік қасиеті ауаның жылу өткізгіштігінен 23 есе артық. Су теріс температуралық әсер етумен бірге механикалық әсер етіп - массаж жасайды. Капиллярлық қан айналысын жақсартады. Су көмегімен үй жағдайында шынығудың ең көп тараған түрлері:
денені сулы орамалмен ысқылап сүрту - суық судың температурасы 34-35°С-тан төмен болмағаны жөн. Күн сайын дымқыл орамалмен сүртінгенде 6-7 күннен кейін судың температурасын бір градустан төмендетіп отырып, оны 24-22°С-қа дейін жеткізеді. Денені дымқыл орамалмен ысқылауды және суық сумен жуыну осы температурада 2-3 ай бойы жасайды. Бұдан кейін адамның денсаулығында ешқандай өзгеріс (тыныс алу жолдарының қабынуы, әлсіздік, қалжырау немесе кейгіштік, абыржу, ұйқы қашу, асқа тәбет тартпау) байқалмаса, судың температурасы -22°С шамасында шынығуға көшуге болады, оны әрбір 10 күн сайын 1°С-қа кемітеді, ал дымықыл орамалмен күнделікті сүртіну (суық суға жуынуы) жағдайында судың температурасын 10-12°С -қа (су құбырындағы судың температурасы) жеткізеді;
душ - шынығудың тиімді тәсілі, әсіресе, контрасты (қарама-қарсы) деп аталатын душ қабылдау ( бірақ бұны тек дені сау және едәуір шыныққан адамдар пайдаланған жөн). Бұл тәсілде 3 минуттай уақыт ішінде жылы суды (40°С шамасындағы) бірнеше рет суық сумен алмастырып отырады.
Жоғарыдағы аталғандардың негізінде балалардың шынығуы – бала организміне маңызы зор екендігін естеріңізге саламыз.
О.ЖИЕНАЛИЕВ–
Шардара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Made on
Tilda