ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!

Білім
Мектеп – білім ордасы. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына байланысты. Осы орайда 2025 жылдың мамыр айының 20-21 күндері аралығында Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қорымен бірлесіп, Астана қаласындағы «Spectrum» Халықаралық мектебінде «Ана тілі» республикалық интеллектуалды қазақ тілі олимпиадасы өткізілді. Жалпы олимпиадаға облыстық кезеңге 2500 оқушы қатысса, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты 9-11 сынып оқушыларынан 203 оқушы қатыстырылды. Республикалық кезеңге 74 команда, әр топта 3 (үш) оқушыдан қатыстырылды. Нәтижесінде республикалық кезеңге 21 оқушымыз өтті. Республикалық додадан топ жарған Шардара ауданының білім бөліміне қарасты Т.Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларынан құралған «Томирис» тобы (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хусайнова Аманкул Акпаровна) ІІ орынды жеңіп алып Күміс жүлдегер атанды. Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушыларынан құралған «Айнұр» тобы ІІІ орынмен Қола жүлдеге қол жеткізді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кошкарбаева Айнур Турсынбаевна. М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушыларынан құралған «Самға», «Қырмызы қыздар», «Бірлік» топтары қатысып, ІІІ орынды иеленіп Қола жүлдегер атанды. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кадирова Салтанат Сатышовна мен Найманова Айгул Алибековна. №1 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушыларынан құралған Қайсар тобы жүлделі ІІІ орынмен (Қола) марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Насрединова Фарида Абдималиковна.
Олимпиаданың республикалық кезеңі 5 бағыттан тұрады:
1. Пікірсайыс
2. Тілшілер сайысы
3. Эссе
4. Тіл білімі
5. Білімпаздар
Осы бағыттардан сүрінбей өтіп жүлделі орындарды иеленген Т.Тәжібаев, М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары Алматы қаласындағы Нархоз және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мен экология, қоршаған орта қорғау мамандықтарына тегін мемлекеттік білім ГРАНТЫН жеңіп алды.
Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу қиын да, қызықты іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелей білу - ұстаз парызы. Осындай шәкірт тәрбиелеуде еңбек еткен ҰСТАЗДАРЫМЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС білдіреміз!
ТУРЕХАНОВА
Айнур Серикбаевна,
Шардара ауданы білім бөлімінің әдіскері.
Made on
Tilda