Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесінде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейілді де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.
2016 жылдан бері мерекеленіп келе жатқан осы күнге орай аудан әкімі Арман Қарсыбаев өзге ұлт өкілдерін қабылдап, оларға құрмет көрсетті. Атап айтқанда қаладағы М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Садиярова Марина Анчовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карюгина Марина Леонидовна, мектеп мұғалімі Ахмедиева Анастасия Гаджиевна аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есепшісі Сергиенко Екатерина Вячеславовна және үй шаруасындағы Атаханова Баргинца Кадировнаны Алғыс айту күнімен құттықтап, Алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапаттап, алдағы уақытта атқарып жүрген жұмыстарында мол жетістіктер тіледі.
Сол сияқты марапат иелерін аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы да құттықтап «Сіздерге ауданымыздағы қоғамдық келісім мен ұлттың бірлігін қамтамасыз ету, татулық пен бірліктің нығаюы бағытындағы еңбектеріңізге ризашылығымды білдіремін» деді.
Өз кезегінде марапатталғандар да құрмет көрсеткені үшін аудан басшысына деген ризашылықтарын білдіріп, әрқашан ауданды дамытуға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ