ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ОРМАН ҚОРЫ – ЕЛІМІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫ

Төтенше жағдайлар
– Саламатсызба, Дулат Жұмагелдіұлы?! Алғашқы әңгімемізді мекемеңіздің тыныс-тіршілігі жайынан бастасақ.
– Саламатсыз ба?! Біздің «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемеміз Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелердің бірі.
Мекемеге қарасты орман қоры жері – Арнасай, Шардара, Сүткент орманшылықтарына бөлінген. 33 айналымнан тұрады. Ол жерде 3 орманшылық басшысы, 3 орманшылық басшысының көмекшісі, 7 орман шебері, 23 орман күтуші-қорықшы қызмет атқарады. Орман қоры жерлерінде орман орналастыру жұмыстары 2020-2021 жылдары жүргізілді. Мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 891581 гектар, оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 404552 гектар. Орман қорында Қызылқұм өңіріндегі ақ және қара сексеуіл, жүзген, қоянсүйек, қандым ағаштары мен бұталары өседі. Сонымен қатар «Қызыл кітапқа» енген қарақұйрық, ақбөкен, дуадақ (жек), келес кесіртке және кекілік, құм қоян, қасқыр, түлкі, қарсақ тағы да басқа аң-құстар мекендейді.
– Сіздерде орманды пайдалану жұмыстары қалай жүргізілуде?
– «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орманды жанама пайдаланудың ставкілері Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі «Түркістан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланудың төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» №42/437-VІ шешімімен есептелінеді. Мекемеге қарасты орман қоры жерлері негізінен мал жайылымы ретінде пайдаланылады. 2024 жылы орманды жанама пайдаланушылардан жергілікті бюджетке 23 миллион 799 мың теңге түсірілді. Атап айтқанда мал жайылымы үшін 250 жеке және 14 заңды тұлғаларға жалға берілген 324,9 мың гектар жерден 23 миллион 769 мың теңге, мәдени сауықтыру мақсатында 2 жеке тұлғаларға жалға берілген 0,26 гектар жерден 29,5 мың теңге және ауыл шаруашылығы өнімдерін егу үшін 3 жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берілген 11,5 гектар жерден 36,5 теңге бюджетке түсірілді.
– Дулат Жұмагелдіұлы, шілденің аптап ыстығынан бірқатар аймақтарда өрт болып, оны жоюда көптеген қиындықтар кездесіп жатады. Сіздерде орманды алқапты өрттен қорғау шаралары қалай жүргізілуде?
– Иә, бұл ең маңызды шаруаның бірі. Орман өрттерінің алдын алу мақсатында БАҚ беттерінде 27 рет мақала жарияланып, 1 рет әлеуметтік желіден көрсетілім көрсетілді. 78 дана аншлагтар мен паннолар екі беті жаңартылып орнатылды. Елді мекендерде 69 рет лекция оқылып, оған 728 адам қатысты, шаруа қожалықтармен 392 дана нұсқама мен келісім-шарттар жасалып, 396 дана үнпарақ таратылып, орман қорына кіріп, шыққан азаматтардан 321 дана тілхат алынды.
Елді мекендерде 23 командадан тұратын ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылып, 265 адам мүшелікке тартылды. Биылғы жылға 3000 шақырым жолдың екі қапталына минералды жолақтар жасау жұмыстары жоспарланған. 30 шақырым өртке қарсы, орманаралық жолдар жөнделді. 12 дана стационарлық рациялар өрт қаупі жоғары деген 12 жерге орналастырылып, рация байланысы толықтай қамтамасыз етілген.
Ағымдағы жылғы өрт қауіпті маусымға байланысты мекеме кеңсесі мен орманшылықтарда ұйымдастырылған 4 өрт бақылау бекеттерінде кезекшіліктер ұйымдастырылды. Орман күзеті қызметкерлері 8 дана мобильді және 36 дана қол рациялармен қамтамасыз етілген.
– Енді орманды күзету мен қорғау жұмыстарына да тоқталып өтсеңіз?
– 2024 жылы жүргізілген 106 рейдтер барысында 28 заң бұзушылықтар анықталды. Заңсыз ағаш кесу бойынша 1 оқиға анықталып, аудандық сотқа жолданып 129,2 мың теңге айыппұл салынды, орман өрттерінің талаптарын бұзған 2 азаматқа, аң аулау қағидасын бұзған 3 азаматқа, орман қоры жеріне заңсыз мал жайған 16 азаматқа, арнаулы белгілерді жойған 5 азаматқа, тұрмыстық төгінділермен бүлдірген 1 азаматқа әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жалпы 422,7 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, 293,5 мың теңге өндірілді. Орман қоры жеріне залал келтірілген 445,1 мың теңге толық өндірілді.
Орман қоры жерлерінде заңсыз аң аулау, ағаш кесу оқиғаларының алдын алу үшін БАҚ беттерінде 25 рет мақала жарияланып, 1 рет әлеуметтік желіде көрсетілді. 79 рет лекция оқылып, 826 адам қатыстырылды. 492 дана үнпарақ тарқатылды.
– Орман алқабы ауқымды аймақ болғандықтан жұмыстарды атқаруда техниканың маңызды рөл атқаратыны белгілі. Мекеменің арнайы техникамен жабдықталуы қай деңгейде?
– Мекеме 1 дана ХТЗ-150, 1 дана шынжыр табанды Т-90, 6 дана МТЗ-1221, 3 дана МТЗ-92, 2 дана МТЗ-80, 1 дана МТЗ-82 тракторлары, 1 дана Газ-33086 жүк көлігі, 2 дана Нива Шевролет, 1 дана Уаз Фургон патрульдік автокөлігі, 1 дана Лада Гранта қызметтік көлігі, 1 дана Урал-5557, 1 дана Зил-131, 1 дана Зил-130, 1 дана Зил-433114 өрт сөндіру автокөліктері, 6 дана трактор тіркемесі, 1 дана Уаз – 3303 (бортовой) автокөліктерімен жарақталған.
Сонымен қатар орман өсіру жұмыстарына пайдаланылатын соқа, дискілі тырма, көшет егетін машина, тұқым себетін тіркеме, культиватор, арычник, қопсытқыш (рыхлитель), ямобур, шалғы (косилка), көшет қазатын соқа тағы басқа агрегаттармен жабдықталған. Алдағы уақыттарда орман орналастыру жұмыстары кезінде қосымша орманды қорғау, молайту жұмыстарына пайдаланылатын техника, агрегаттарға ұсыныс жасап, жабдықтау жоспарлануда.
– Дулат Жұмагелдіұлы, уақытыңызды бөліп оқырмандарымызға қажетті мол мәлімет бергеніңіз үшін рахмет! Орман қорын күзету, күтіп баптау мен өрттен қорғау бағытындағы алдағы жұмыстарыңызға мол жетістіктер тілейміз.

Сұхбаттасқан
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ
Made on
Tilda