Кітап – адамның досы, ұстазы. Ал кітап оқу – кез-келген адамға тыныштық сыйлайды. Маған сондай тыныштық сыйлайтын, қызықты кітаптар ұнайды. Әрбір ұрпақ жастайынан кітап оқып өсетін болса, еліміздің болашағы жарқын болмақ. Ал жас ұрпақ білімді, кітапқұмар болып өсу үшін не істеуге болады?
Маған осы сұрақ қойылса, ойланбастан «Кемел бол» жобасын айтар едім. «Кемел бол» – мен қатысқан жарыстардың ең кереметі, кемелі. Бұл сайысқа қатысқан барлық оқушы «Кемел» болады. Менің бұл сайыстан үйренгенім өте көп. Біріншіден, кітапқа деген қызығушылығым артты. Екіншіден, кез келген жерде ойымды еркін, ашық жеткізе алдым. Үшіншіден, үйде бос уақытымды телефоннан түрлі ойын ойнағанша қызықты кітаптарды оқуды үйрендім.
Ия, бұл сайыстың ерекшелігі де осы, кітапты электронды нұсқада оқимыз. Анығырақ айтсақ, бұл сайыста бір аптаға бір кітап оқуға беріледі. Біз кітапты электронды нұсқада оқимыз яғни, кәзіргі кезде балалардың қолында кітап емес, телефон тұрады. Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында және телефонды да дұрыс пайдалану үшін «Кемел бол» мектепшілік сайысы ұйымдастырылған. Жарыстың тағы бір ерекшелігі, өз ойыңды еркін жеткізе аласың, яғни сайыс соңында біз кітаптан ұққан өз ойымызды айтып және әрі қарай дамытамыз, бұл балалардың қиялын арттырады, ойының дамуына өзіндік үлесін қосады. «Кемел бол» жобасын негізін қалап, мектеп оқушыларының арасында жүзеге асырып оқушыларды кітап оқуға баулыған мектеп кітапханашысы, менің сынып жетекшім Жасузакова Жамила апайдың еңбегі зор. «Кемел бол» жобасының жүзеге асуына өзіндік үлесін қосып, әр айдың жеңімпаздарын марапаттап, қаржылай сыйақы беріп демеушілік жасап отырған мектеп басшысы Кушенов Ержан ағайға айтар алғысым шексіз.
«Болашақ кілті – білімде» демекші, білімділікке бастайтын «Кемел бол» жобасы қазіргі балаларға арналған таптырмас жоба. Бұл сайысқа қатысқан әрбір бала телефонды тиімді пайдаланады және кітаптың құндылығын, қандай киелі қазына екенін түсінер еді. Жаңа Қазақстан білімді жастардың қолында. Сондықтан да, достар, кітап оқып білім көкжиегімізді кеңейтейік.
МҰЗДАҚБАЙ Арайлым Ғалымжанқызы –
С.Каттабеков атындағы ЖОМ 7 «г» сынып оқушысы