Ұлы Жеңіске – 80 жыл
Әкем Баукеңмен кездесіп, әңгімелескен
Ұлы Отан соғысының Жеңісі оңайлықпен келмегені тарихтан баршамызға белгілі. Қаншама өрімдей жастарымыз елімізді азат етуге соғыс даласына аттанып, біразы сұм соғыстан оралмады, жау оғынан мерт болып жат елде қалды. Осындай еліміз қиын шақты басынан өткерген күннің Жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толып отырған осы шақта бронмен елде қалып, арба айдап, тылда еңбек еткен әкем Пайзуллаұлы Дүйсенбекті есіме алып отырмын.
Атам Пірназаров Пайзулла 1903 жылы Қызылқұм ауданында дүниеге келген. 1939 жылы шілде айында Қызыл әскер қатарына шақырылып Фин соғысына қатысып 1940 жылға дейін әскери борышын өтеген. 1941 жылы елімізге тұтқиылдан жау шапқанда алғашқылардың бірі болып отанымызды қорғауға аттанған. Хабар-ошарсыз кетіп 1943 жылдың қыркүйегінен белгісіз кеткендер тізіміне есімі тіркелген.
Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептегі Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың мраморға жазылған тізімінде атам Пірназаров Пайзулланың да есімі жазылған. Сол сияқты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібековтің атсалысуымен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына орай атамның есімі қаладағы «Тұңғыш Президент» саябағындағы мемориалдық тақтаға да жазылмақ.
Ал 1923 жылы дүниеге келген әкеміз Пайзулаұлы Дүйсенбектің балалық шағы өте ауыр жағдайда болып, қазақ жұртына келген ашаршылық бұл әулетті де айналып өтпейді. Оның үстіне 1927 жылы Мустатира әпкемізді туған әжеміз Жұлдызай 1939 жылы егіз ұлдары Асан мен Үсенді өмірге алып келіп, бала үстінде қайтыс болады. Пайзулла атамыз амалсыздан екі айлық Асан мен Үсенді Ташкенттегі балалар үйіне өткізіп, өзі Ильичтегі әскери комиссариат арқылы Фин соғысына кетеді.
Шардара ауданын басқарған Шардара ауданының, Түркістан облысының Құрметті азаматы Өстемір Тілегеновтің әкесі Тілеген Пірімқұлов 1936-1952 жылдар арасында «Баранбаз» фермасына басшылық жасаған. Соғыс жылдарында аудандық әскери комиссариатқа барып жиырмашақты адамды тылда еңбек етуге әскерден алып қалған. Олардың қатарында үйдің жалғыз баласы немесе соңғы балалары болған. Егер олар әскер қатарында соғысқа кетсе елге оралмай қалулары, мерт болулары да мүмкін болып, бір отбасының оты мәңгілік сөнуі мүмкін еді. Соғыстан бронмен қалғандар қатарында Пірназаров Дүйсенбек пен Әбілқасымов Жүніс те болды. Әкем Дүйсенбек «Тілеген жездем абырой, беделінің арқасында бізді соғыстан алып қалды. Әйтпесе, миллиондаған адамның басын жалмаған сұм соғыста қаңқыған бір оқ тиіп, сүйегеміз қайда жатқанын бір Алла білетін еді. Қанша үйдің ошағының отын өшірмей өрімдей жастарды ауылда алып қалды» деп отыратын.
Бронмен қалып, тылда еңбек еткендер үкіметке мал өнімдерін өткізіп отырған. Қызмет көліктері – төрт дөңгелікті арба-тачанка еді. Сонымен фермаларды аралап, ет, сүт, ірімшік, сүзбе, соғысқа киім-кешек, азық-түлік жинап Ильичтегі әскери комиссариатқа алып барып тапсыратын.
Әкем 1961 жылы Ташкенттегі балалар үйіне тапсырылған інілері Асан мен Үсенді іздеп тауып, Асанды алып келіп елге қосты, Үсен сол жақта қалып қойды.
1968 жылы Дүйсекең батыр Бауыржан Момышұлын іздеп Алматыға барады. Ол кісі туралы аңыз бен ақиқат қаулап тұрған шақ. Халқымыздың қасиетті адамдарды Пайғамбар, пір тұтып, одан қандай да бір тәбәрік алып қалғысы келетін бір әдеті бар емес пе? Бір жағы осындай оймен, екінші жағы бір тілдесіп қайту үшін де жолға шығады. Бірақ жол бойы аңыздарда айтылған «Бауыржан ондай екен, мұндай екен, әскери тілшілерге жанындағы тапаншасын суырып алып маңдайына тірегенде ана байғұс бұтын бүлдіріп қоя жаздайды екен, пәленшеге «Кругом, марш!» депті деген секілді әңгімелер есіне қайта-қайта түсіп, қалай болар екен деумен болады.
Қос қолын беріп амандасып, кездесіп, жүздесіп, пікірлесуге келгенін айтқан Дүйсекеңді Баукең жақсы қабылдап, мал-жан сұрасып, бір сағаттай әңгімелеседі. Қайтар сәтте Батыр Баукең өз кітапханасынан жаңадан басылып шыққан “За нами Москва” кітабын алып мұқабасына араб тілінде автограф жазып қолын қойған. Сосын Баукең «Балаларың бар ма?» дейді. Үш-төрт қара домалақтың барын айтқан Дүйсекеңе «Балаларға онда Бауыржан атасынан ескерткіш сыйлық ала бар, азамат болсын!» деп баласы маған да бір кітабына автограф жазып, зергерлік бұйым береді.
Мұқабасының ішіне «Дүйсенбек ініме Момышұлы семьясының атынан» деп автограф жазылған бұл Баукеңнің «За нами Москва» атты кітабы Дүйсекеңнің құрандай қастерлеген, қасиетті кітабы болды.
Әкем елге келсе інісі Асанның үйіндегі Сапаркүл келіні ұл босанған екен. Дүйсекеңнің айтуымен Бауыржандай батыр болсын деп атын Бауыржан қойыпты.
Әкем Дүйсенбек соғыстан кейінгі жылдарда саудада, фермада аға шопанның көмекшісі болып істеді. Еңбек ардагері атанып, «Ұлы Отан соғысының Жеңісіне – 55 жыл», «Ұлы Отан соғысының Жеңісіне – 60 жыл» медалімен марапатталды. Алты қыз бен төрт ұл өсіріп, 87 жасында 2009 жылы дүниеден өтті.
Осындай соғыс және тыл ардагерлерінің ұрпағы ретінде өзім де бақытты ғұмыр кешіп келемін. Ұзақ жыл мектепте музыкадан ұзтаздық етіп зейнеткерлікке шықтым. Жұбайым Гүлзакира Балғабекқызы М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұстаздық етеді. Тұңғыш ұлымыз Ұлықбек Ақтөбе қаласындағы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы әскери әуе қорғаныс күштері институтын бітірген. Балхаш қаласындағы №1 ұшқыштар авиациялық эскадрильясында инженерлік қамтамасыз ету аға технигі, авиация капитаны, Райымбегім мен Мұхамеджаным өзімнің жолымды таңдар, қазір өнер саласының білікті мамандары. Қызым Балнұр қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болса, кенжеміз Қамарсұлу студент, болашақ маман иесі.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығы аталып өткелі жатқан шақта еліне елеулі, халқына қалаулы болған, тылда болса да Отанымызды қорғаушыларға қажетті заттарды дайындап, жөнелтуде өз үлесін қосқан әкем Дүйсенбек Пайзуллаұлы жайлы қысқаша болса да естелік жазуды өзімнің перзенттік борышым деп таптым. Барлық елімізді жаудан азат етуге қатысқан сарбаздарымыз бен тылда еңбек еткен азаматтарымыздың ерліктері мен еңбектері өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге болып, есімдері мәңгі жадымызда сақтала берсін!
Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын. Бейбіт өміріміз баянды болсын!
ПІРНАЗАРОВ Мүбәшірхан Дүйсенбекұлы ؘ–
еңбек ардагері