ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Теміреткі жұқпалы тері ауруы

Денсаулық
Аурудың жұғу жолдары:
Теміреткі ауруы адамнан адамға, үй жануарлары мен жабайы аңдардан адамға жұғатын терінің жұқпалы ауруы. Аурудың қоздырғыштары қарапайымдар тобына жататын саңырауқұлақтар. Аурудың жасырын кезеңі 2 аптадан 1 айға дейін. Теміреткімен науқастанған адамның немесе жануардың түскен терісі, шашы, түгіндегі аурудың қоздырғыштары бірнеше жылға дейін қатты аяздарда да, аптап ыстықтарда да сақталады. Аурудан кейін залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеген жағдайда бөлменің шаңында, науқастың киімдерінде, бас киімдерінде төсек орын жабдықтарында және басқа да науқас пайдаланған заттарында аурудың қоздырғыштары ұзақ уақыт сақталады. Шаштараздарда ауру адамға пайдаланған қайшы, тарақ алмас заласыздандырылмаған жағдайда ауруды жұқтырады. Ауру адам шомылған бассейндерде, моншадан, ашық су көздерінде сау адам шомылса, науқас пайдаланған сүлгі, мочалкасы т.б заттарын пайдалану арқылы ауру жұқтырады. Ауру адам және жануарларды уақтылы емделмеген жағдайда өмірінің соңына дейін ауру көзі болып жүре береді.
Аурудың белгілері:
Ауру көбінесе адамдардың бетінде, бастың шашты бөлігінде, мойындарында, қолында, яғни дененің ашық жерлерінде кездеседі. Сонымен қатар, киім жауып тұратын бөліктерінде де жиі кездеседі. Ауру жұқтырған күннен бастап 2-3 аптадан кейін аурудың белгілері басталады. Алғаш белгілері диаметрі 0,3-0,5 мм көлемінде басталатын таңғылдақтар ақшыл қабыршақтанып, үлкейіп, әр түрлі формалы болып келеді. Науқас аздап қышуды байқайды. Бастың шашты бөлігінде теміреткі шыққан жағдайда науқастар ем қабылдап жүріп, жұқа матадан тоқылған орамал тастамауы қажет.
Алдын-алу шаралары:
Теміреткі денеге шыққан жағдайда киім-кешектерін, төсек-орнын міндетті түрде залалсыздандырып отыру қажет. Науқас адаммен киім алмастырып киюге болмайды және де қарым-қатынастағылардың барлығы 30 күнге дейін қадағалауға алынады. Дер кезінде емделмесе ауру созылмалы түріне ауысуы мүмкін. Теміреткімен ауырған науқасты тез арада оқшаулап, ауру ошағында ағымдағы және қо-рытынды заласыздандыру жүргізіледі. Теміреткі ауруын жұқтырмау үшін үй жанурларын ұстағаннан соң қолды мұқият сабындап жуыңыздар. Сүлгі мен төсек жамылғыларын жиі-жиі ыстық сумен жуып үтіктеп отырыңыздар.
Н. АБДУЛЛАЕВ–
Аудандық санитариялық -эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы
Made on
Tilda