ШАРТАРАП ШАРАЙНА

НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ, ЖАСАРУ АЙЫ

Құрметті шардаралықтар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Күн мен түн теңескен Наурыз – жаңару, жасару айы. Ертеректе ата-бабаларымыз жыл басын наурыз айынан бастаған. Оның өзіндік жөні де бар, өйткені, өзінің тұрмыс-тіршілігін табиғатпен, жыл мезгілдерімен етене байланыстырған халқымыз Ұлыстың ұлы күнін асыға күткен.
Наурыз айында күннің жылы шуағы төгіліп, табиғат көкке оранып, жыл құстарымен бірге жаңа жыл келеді. Халқымызда Ұлыстың ұлы күнінде жан-жағын тазалап, жерге шыбық шаншитын жақсы дәстүр қалыптасқан. Жыл басы – Наурыз күні адамдар бір-біріне ыстық ықылас білдіріп, береке, ырзық-несібе тілеген. Наурыз айы айналамызды ретке келтіріп, арық-атыздарды тазалап, жерімізді өңдеп, шаруаның қамына кірісетін уақыт. Наурыз айының басынан бастап аудан тұрғындары жылдағы дәстүр бойынша тазалық жұмыстарын қолға алып, тал-теректер егуге кірісіп те кетті.Туған жерімізді түлетуге, көгалдандыруға баршамыз жұмыла атсалысайық, ағайын.
Құрметті жерлестер!
Жыл басы – Наурыз мерекесі тағы да құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыларыңызға құт-береке, жақсылық, молшылық әкелсін.
Ізгі ниетпен, Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев!
Возможно, это изображение 1 человек
Made on
Tilda