Шардара орталық стадионында Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеу, отбасы мәртебесін арттыру, жастар мен жас отбасы арасындағы салауатты өмір салтын дәріптеу, дені сау, рухты, таза ұрпақ тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс ойындары арқылы отбасындағы ынтымақты нығайту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Отан отбасынан басталады» атты облыстық толағай сайысы өтті.
Мемлекеттік Әнұран ойналғаннан кейін сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы мен облыстық Қоғамдық Даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.
Сайысқа қатысушылар бес кезең бойынша бәсекеге түсіп, өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінуге күш-жігерлерін жұмсады. Қатысушылардың әкесі мәреге кедергілерден доппен өтсе, анасы секірме жіппен, балаларының бірі қаппен секірсе, келесісі кедергілерден жүгіріп өтті. Барлық отбасы мүшелері қарсылас топпен арқан тартысып, «Кім жылдам» сайысында отбасының бір баласы математикадан есептерді жылдам шешуге қатысты. «Баскетбол» сайысында топ мүшелері кедергілерден өте отырып, себетке доп лақтырып, уақытты үнемдегені мен себетке түсірген добы бойынша ұпай алды. Сол сияқты отбасы капитандары гір тасын көтеруде күштіліктерін көрсетті.
Облыстық «Қоғамдық Даму және психологиялық көмек көрсету бөлімінің» психолог-маманы Өміртаева Жансая Ержанқызы, №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Талипов Жиенбек Байдүллаұлы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Төребаева Ғайшагүл Амангелдіқызының құрамындағы қазылар алқасының шешімімен қатысушы 10 отбасы арасынан суырылып үздік шыққан Бәйдібек ауданынан келген Ешмұрзаевтар отбасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Төлеби ауданынан келген Әбетаевтар отбасы, үшінші орынды Шардара ауданынан Ізтұрғановтар отбасы еншіледі.
Сайысқа қатысқан барлық отбасылық командалар тиісінше дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ