Түркістан облыстық білім басқармасының, Шардара аудандық білім бөлімінің «Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1-сынып оқушысы Жаңбырбай Айсұлтан Ералыұлы 2025 жылғы 2 наурызда Түркістан облысындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған халықаралық көркемсөз және мәнерлеп оқу байқауында дара өнер көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен бірге, Айсұлтан Астана және Ташкент қалаларында өтетін халықаралық көркемсөз сайысына жолдама жеңіп алды.
4 наурыз күні мектеп директоры Сариев Нұржан Тасмуратович жеңімпаз оқушымен арнайы кездесу өткізіп, ізгі лебізін білдіріп, марапаттады. Оған қоса, директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Айдарова Жеңіскүл Сәтбековна да жас талантты құттықтап, алғысын жариялады.
Ұлы Абайдың «Ұстаздық етпес жалықпас, үйретуден балаға» деген дана сөзі баршаға өнеге боларлық тәлім. Расында да, ұстаздың ұшан-теңіз еңбегі мен шәкірт бойына дарытқан білімі – жас ұрпақтың жарқын болашағының мызғымас негізі. Шәкірт қол жеткізген әр жетістік – ұстаздың маңдай терінің, тынымсыз ізденісінің жемісі. Айсұлтанның бұл халықаралық байқаудағы жеңісі де оның алғашқы ұстазы – Ескараева Сұлухан Еркебайқызының ерен еңбегінің айғағы екені даусыз. Осы орайда, білікті педагогтің шығармашылық ізденісі мен ғылыми жаңалықтары көбейіп, биіктерден көріне беруін тілейміз.
Құрметті Ескараева Сұлухан Еркебайқызы! Шәкірттеріңіз сіздің шынайы құрметіңіз бен ыстық ықыласыңызға бөленіп, талай биіктерді бағындырып келеді. Сізге шығармашылық табыс пен ізденістегі толайым жеңістер тілейміз. Ұстаздық жолыңызда мерейіңіз үстем болып, шәкірттеріңізбен бірге ұмтылар асулар мол болғай!
Халықаралық «Абай» әлемі фестиваль-форумында үздік шәкірттер тәрбиелеп шығарғаныңыз үшін біз де шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Өнегелі шеберлігіңіз бен бай тәжірибеңіз болашақ ұрпаққа үлгі болып, білім мен өнердің биік шыңдарын бірге бағындыра беріңіз. Марапатыңыз құтты болсын!
«Шартарап-Шарайна» – газетінің ұжымы