ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Дала және орман өрттерінен сақ болайық!

Төтенше жағдайлар
Шардара ауданының климаты қыста суық, жазда ыстық және желді болатын аймақтардың біріне жатады. 2024 жылы өрт қауіпті маусым кезеңінде аудан аумағында 2 орман өрті тіркелді. Жазғы өрт қауіпті кезеңде табиғи дала өрттері негізінен найзағай немесе күннің 40-45°С-қа дейін жететін қатты ысуы әсерінен құрғақ шөптердің өздігінен тұтануынан пайда болады. Бұл жағдай олардың тұтану температурасының жоғары болуымен түсіндіріледі.
Жасанды дала өрттерінің негізгі себепкері – адамдардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы. Мысалы:
- Шылым шегіп, оны толық сөндірмей тастап кету;
- Сіріңкемен балалардың ойнауы;
- Шаруашылық иелерінің ауыл шаруашылық техникасында өрт қауіпсіздігін бұзуы (мысалы, отты басқышсыз жүру).
Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шөп ору науқаны кезінде шаруашы-лықтарға «Дала және орман өрттерінен сақ болыңыздар!», «Өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар!» деген тақырыптарда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, нұсқаулық парақшаларын таратады. Дегенмен, өрттің алдын алу үшін аудан тұрғындарының жеке жауапкершілігін арттыруы өте маңызды.
Өрттің алдын алу бойынша негізгі шаралар:
1. Шаруашылық иелері өз егістік алқаптарын айналасына минералды қорғаныс жолақтарын жасауы тиіс.
2. Барлық ауыл шаруашылық техникалары ұшқын ұстағыштармен және кемінде екі дана өрт сөндіру құралымен жабдықталуы қажет.
3. Мал азығын даярлау, егін ору кезінде шаруашылықтар бірігіп, ортадан бір соқалы өрт сөндіруге арналған тракторды кезекшілікпен қолдануды ұйымдастыруы керек.
4. Орманның өртке аса қауіпті аймақтарына адамдар мен техникалардың кіруін шектеу.
5. Өрт қауіпті маусымда бірлескен іс-қимыл жоспарын жасап, орман қоры жерімен шекаралас аймақ-тарда ауыл округі бойынша ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру.
6. Ауыл әкімдіктеріне жақын орналасқан орман қоры жерінде өртке қарсы арнайы жабдықталған техникаларды (жанармай қорымен) дайындап қою.
7. Бидай немесе шөп ору кезінде желді күндерде жұмысты уақытша тоқтату.
А.ЖАФАРКУЛ және Б.ЗҰЛПҰҚАР– М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 4-курс курсанттары
Made on
Tilda