ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«Жемқорлық – індет, күресу – міндет!»

Төтенше жағдайлар
Қазақстан Республикасында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы негізгі құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша ша-ралар туралы» Жарлығы. Бұл құжат құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруге, сыбайлас жем-қорлықтың алдын алуға және оған қарсы жүйелі әрі тұрақты іс-қимыл жүргізуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық – жай ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам бұл мәселеге қарсы бірлесіп, белсенді әрекет етуі қажет.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарында сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың түрлері, сондай-ақ олар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл заңдар парақорлық пен өзге де сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуға, олармен күресуге және қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты мақсаты – оны түбегейлі жою. Бұл мақсатқа жету үшін:
Қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын себептер мен факторларды анықтау және оларды жою;
Жемқорлық әрекеттерді анықтап, олардың жолын кесу қажет.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң аясында бұл бағытта нақты шаралар барлық салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық күнделікті өмірде парақорлық мәселесіне жиі тап болады. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен алудың жолын кесуде әрбір азамат белсенділік танытуы тиіс. Жемқорлықпен күресу – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Е. ЖҰМАНОВ–
Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы, подполковник
Made on
Tilda