Бүгін біздің назарымыз өзінің жетістіктерімен Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлем халқының жүрегін жаулап алған таңғажайып және шабыттандыратын чемпион Әли Тұрғанбековке ауды. Жақында Францияда жүзуден өткен халықаралық жарысқа қатысқан Әли керемет қайсарлық пен табандылық танытып, бірден күміс медальді жеңіп алды.
Әли Тұрғанбековтің тарихы көпшілікке етене таныс. Ол төрт баласы бар отбасында ерекше бала болып дүниеге келді, бірақ ерекшелік тек оның денсаулығында ғана: Әли жарық дүниеге екі аяқсыз келді. Алайда, бұл Әлидің өз арманына ұмтылуына және белсенді спортпен шұғылдануына кедергі бола алмады. Оның мотивациясы мен табандылығы көптеген адамдар үшін үлгі болуда. Әли тек жүзумен ғана шектелмейді – ол футбол ойнайды, басқа да спорт түрлеріне қатысады, курьер ретінде жартылай кестемен жұмыс істейді, сонымен бірге Паралимпиада чемпионы болуды армандайды.
Әлидің әлемдік спорт жұлдыздарымен қайта-қайта кездесуі де назар аударуға тұрарлық. Ол Лионель Месси, Хабиб Нурмагомедов, Криштиану Роналду, Андрей Шевченко, Неймар, Киллиан Мбаппе, Эдинсон Кавани және Диего Марадона сияқты аңыздармен футбол ойнады. Әли тіпті Ливерпульдің жұлдызды ойыншыларына УЕФА суперкубогын сыйлады. Бұл кездесулер Әлиді қанаттандырып қана қоймай, оны алға қойған мақсаттарына жетуге ынталандыра түсті.
Сонымен қатар, анасы әрқашан Әлиді қолдаушы мен мотивация беруші болды, Тұрғанбеков Instagram-дағы жазбаларында (@ali_amir_happy) бұл факт туралы бірнеше рет айтып өтті. Әлиді жаңа жетістіктерге де итермелеген анасының "Сен жұлдыздармен кездесіп жүресің – бұл жақсы нәрсе, бірақ өзіңді де дәлелдейтін уақыт келді" деген сөздері. Бұл сөздер жігіттің Францияда өтетін халықаралық жарыстарға баруының бастапқы нүктесі болды.
Францияда Әли алғаш рет халықаралық жүзу жарыстарында Қазақстанның атынан шықты. Оның табандылығы мен қажырлы еңбегі оған лайықты күмісті сыйлады. Бұл оның қайсар мінезі мен әлеуетінің тағы бір дәлелі еді. Бұл жетістік оның Паралимпиада чемпионы болу арманына жасалған маңызды қадам болды.
Әли Тұрғанбеков қандай қиындық болса да жеңіп, алға қойған мақсатқа жетудің нағыз үлгісі. Оның тарихы көптеген адамдарды қанаттандырып және ынталандырып қана қоймай, өзіне және күшіне сенетін адамдар үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екендігінің нағыз дәлелі. Әлиге арманына жету жолында жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
Е.ТӘЖІБЕК