ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ОРЫС ТІЛІ ПӘН АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

Білім
Шардара ауданының білім бөліміне қа-расты Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың 14-18 қазан аралығында «Волшебная сила слова» атты орыс тілі апталығы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, олардың интеллектуалдық және шығарма-шылық әлеуетін дамыту болды. Бұл іс-шара аясында көптеген заманауи әдістер қолданы-лып, әрбір сабақ жаңа форматта өткізілді. Геймификация әдісі сабақтарды қызықты және динамикалық етіп жасауға ықпал етсе, мұғалімдер сонымен қатар түрлі басқа да заманауи әдістерді енгізді, олардың ішінде жобалық оқыту, коллаборативті оқыту, және цифрлық ресурстарды пайдалану ерекше-ленді.
6«в»сыныбында А.М.Алайдар Пришвин-нің «Этажи леса» шығармасы бойынша өткіз-ген сабағында геймификация әдісімен қатар, жобалық оқыту әдісі қолданылды. Оқушы-ларға ормандағы әр қабатты бейнелейтін жеке жобалар жасау тапсырылды. Бұл жоба-лар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, зерттеу дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Әр топ табиғат тура-лы қосымша ақпаратты іздеп, өз жобаларын қорғады, бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, зерттеу машық-тарын жақсартты.
Л.Халикова 8«в»сыныбында «Спортив-ный Казахстан» тақырыбы бойынша өткен сабағында цифрлық технологияларды тиімді пайдаланды. Сабақ барысында интерактивті презентациялар, бейне материалдар және онлайн викториналар қолданылды. Мұғалім оқушыларға Қазақстанның атақты спорт-шылары туралы бейнероликтер көрсетіп, оларды интерактивті платформада жауап беретін сұрақтарға тартып отырды.
7 «б» сыныбында Л.Елшибаева өткізген И. С. Тургеневтің «Воробей» әңгімесін талдау сабағында коллаборативті оқыту әдісі қолда-нылды. Сабақ барысында оқушылар топтарға бөлініп, әр топ әңгімедегі кейіпкерлердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін талқы-лап, оларды қорытындылауға тырысты. Кол-лаборативті оқыту арқылы оқушылар бірле-сіп жұмыс істеу дағдыларын дамытты, әрқай-сысы өз ой-пікірін ортаға салып, топтық ше-шім қабылдауға ықпал етті.
6 «б» сыныбында М.Ахмедова Токарев-тің «Кошка на дороге» шығармасын талқылау барысында кейс әдісі қолданылды. Мұғалім оқушыларға шығармадағы кейіпкерлердің алдында тұрған қиын жағдайлар мен олардың әрекеттері туралы нақты сценарийлер ұсын-ды.
А.Нуртазаева 7 «г» сыныбында өткізген К. Г. Паустовскийдің «Осень» әңгімесі бой-ынша сабағында визуалды оқыту әдісін қол-данды. Оқушыларға күздің бейнесін сөзбен суреттеу үшін әртүрлі визуалды материалдар ұсынылды. Сабақта қолданылған суреттер, қысқаша бейнероликтер және табиғаттың дыбыстық жазбалары оқушыларға әңгімеде бейнеленген табиғатты тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.
5 «б» сыныбында С.Нургазиева өткізген антонимдер туралы сабақта интерактивті тап-сырмалар қолданылды. Мұғалім оқушыларға антонимдерді дұрыс қолдануды үйрету үшін интерактивті тақта мен арнайы білім беру бағдарламаларын пайдаланды. Оқушылар экранда көрсетілген тапсырмаларды орын-дап, олардың жауаптарын бірден тексеріп, түзетулер енгізді. Бұл тәсіл оқушылардың грамматикалық дағдыларын дамытып, олар-дың белсенділік деңгейін арттырды.
Екінші сынып оқушыларына Д.Утепова өткізген «Мектеп ережелері» сабағында ойын элементтері қолданылды. Мұғалім мектеп ережелерін түсіндіру үшін интерактивті рөл-дік ойындар ұйымдастырды.
18 қазанда өткен апталықтың жабылу салтанатында оқу ісі меңгерушісі А.Тұңғышбаев апталыққа белсенді қатысқан мұғалімдер мен оқушыларды марапаттады. Үздік сабақтар мен ерекше жобаларды орын-даған сыныптар мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

А.НУРТАЗАЕВА–
Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі
Made on
Tilda