ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Өткен аптаның соңында «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлы аудандық «Шартарап-Шарайна» және «Өскен өңір» газеттерінің журналистерімен брифинг өт-кізіп, 2024 жылы филиалда атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Шардара ауданында 4165 партия мүшелерін біріктіретін 15 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейтіндігін, партиялық жарнаның түгел жиналғанын, сонымен қатар партия қатарына жаңадан 117 адам қабылданғанын атап өткен филиал басшысы Ережеп Құдайбергенұлы:
–Аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне Шардара ауданы әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары және тікелей өзімнің қатысуыммен өткен қоғамдық қабылдауға 660 арыз-өтініш келіп түссе, оның 66,9%-ы (438) оң шешіліп, 33,1%-на (221) заң аясында кеңес берілді.
«Құқықтық көмек» жобасы аясында жоспарға сәйкес айына 34 рет адвокаттар, медиаторлар, заңгерлер, сот орындаушылар және нотариустер қабылдау өткізіп, 109 азаматқа құқықтық көмек көрсетіліп, оның 55%-ы (59) оң шешіліп, 45%-на (50) заң аясында кеңес берілді, – деді.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2024 жылға Шардара ауданы бойынша Қоссейіт, Ұзын-ата, Ақшеңгелді, Достық ауылдық округтері енгізілген. Жалпы 128 жобаға 663,7 миллион теңгеге қаржыландырылуы мен 218 жаңа жұмыс орнының ашылуы күтілуде.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 700 адамды оқыту жоспарланса, жыл соңына дейін 778 (111%) азамат оқытылып, бұл бағыттағы шаралар жоғары деңгейде орындалған.
Жалпы партиялық жобалар бойынша 2324 адамды қамтитын 113 іс-шара өткізілген.
Оның ішінде «Ардагерлер-ді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 362 аға буынды қамтитын 57, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 425 адамды қамтитын 22, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 116 адамды қамтитын 9, «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында 212 адамды қамтитын 4 іс-шара өткізіліп, әлеуметтік желілерде және БАҚ беттерінде жарияланған.
Партияның жол картасы бойынша 2024 жылға жос-парланған 45 іс-шараның барлығы орындалу үстінде. Құрылыс нысандарындағы партиялық бекеттердің саны – 2. Жол картасындағы индикаторларға сала бойынша тиісті депутаттар бекітілген.
Шардара аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясы фракциясының 10 мүшесі бар екендігін, олардың жоспарға сәйкес екі отырыс өткізгенін, онда жол картасының орындалу мәселесі қаралғанын айтқан Ережеп Құдайбергенұлы фракция мүшелері тарапынан депутаттық сауалдар білім саласы, тұрғын үй-коммуналдық қызметтері мен елдімекендердің инфрақұрылымы, құрылыс, спорт пен мәдениет, әлеуметтік сала бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, орындалу үстінде екенін айтты.
Фракция мүшелері партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 39 қабылдау өткізіп, 157 азаматтардың арыз-өтініштерін қабылдап, оның 95- і оң шешімін тауып, 36-сына заң аясында кеңес берілген.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын насихаттау мақсатында ақпараттық-насихаттық топ пен мәслихат депутаттарының қатысуымен 31 іс-шара өткізілген. Бұқаралық ақпарат құралда-рында 5 материал жарық кө-ріп, 41 пост жарияланған. Жалпы жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында 19 материал жарық көріп, әлеуметтік желілерде 526 пост жарияланған.
2024 жылдың 2 маусымында Қ.Тұрысбеков және Көксу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған кандидаттар айқын басымдықпен жеңіске жеткен.
Брифингті қорытындылаған Ережеп Құдайбергенұлы бұл жұмыстар биылғы жылы да өз жалғасын тауып, пар-тиялық жобалардың жүзеге асырыла беретіндігін, партия бұқара халықпен бірге екендігін атап өтті.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ
Made on
Tilda