ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Кәсіптік бағдар беру – табысты болашаққа маңызды қадам

Білім
Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат-арманыңа жету үлкен өнерді – өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір тұлға өзін-өзі дамыту үшін білім алып, сол біліміне сай мамандық иесі болуы керек. Көпшіліктің негізгі пәндерді таңдай отырып, ал «Қандай мамандық?» деген кезде ойланып қалатындықтары анық. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігі қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол тұлғаның психологиялық санасының қалыптасуына тікелей байланысты. Олар қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар тағы басқалар. Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілдерін игерудегі тереңдік, икемділік болып есептеледі.
Кәсіби бағдар беру жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Кәсіптік бағдар беру ісін анда-санда бірнеше шаралармен немесе оқушылардың мектепті бітіріп шығу кезіндегі түсінік жұмысымен ғана шектеуге болмайды.
Қазіргі уақытта заманауи білім беру кеңістігінде өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау мәселесі өте өзекті болып отыр. Қоғам дамуының қазіргі заманғы тенденциялары, еңбек нарығының динамикасы мен технологиялық прогресс адамға қойылатын талаптарға айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттің дарынды, шығармашыл жастарға сұранысы жастардың ерте кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтауының қажеттілігін тудырады.
Мектепте кәсіптік бағдар беруді ұйымдастырудың негізгі мақсаттары оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға, белгілі бір мамандықты игерудің нақты мүмкіндіктерін анықтауға, кәсібін анықтауда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, қоғамда табысты әлеуметтенуге жағдай жасауға бағытталған.
Бүгінгі білімді жас егемен елдің ертеңі болуы үшін мамандықты дұрыс таңдағаны жөн. Өйткені, XXI ғасырда жұмыс істейтін мамандар. Отанның мақсат-мүддесін алдыңғы орынға қоятын мемлекетті басқару мен өз саласын жетік меңгерген маман болуы қажет.
Оқушылардың алдарында үлкен жол жатыр. Олар таңдаған жолдар үлкен өмір жолына бастайды. Өздері таңдаған ақ жолдары оларды болашақтарында жақсы жетістіктерге жеткізе берсін деймін.

Эльмира ОМАРОВА – «Достық» жалпы білім беретін мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогы

Made on
Tilda