Өткен аптаның соңында білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында аудандық Тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Тамыз кеңесіне аудан әкімінің міндетін атқарушы Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, ардагер ұлағатты ұстаздар, аудандағы білім беру мекемелерінің басшылары, білім беру ұйымдарының кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, діни қызметкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынға келген көпшілік алдымен аудандық мәдениет сарайының алдында білім беру ұйымдарының жетістіктері мен атқарған жұмыстарын көрсететін көрмені тамашалады. Көрмеде аудандық «Саз» мектебінің оқушылары келген қонақтарды құлақ құрышын қандырар керемет күй тартып қарсы алса, «Ән-терме» сыныбының жетекшісі Раушанова Тамараның оқушысы Дүйсебай Ақкөңіл көпшілікке терме орындап берді. Аудандық «Оқушылар үйі» ұйымдастырған аудандық мектептер оқушыларының түрлі-түсті бояулармен, қағаздармен, киізбен, моншақтармен, ағаштан жасаған туындылары көпшілікке керемет әсер қалдырды. Қазіргі таңда мектептерде қолға алынып жатқан робототехника саласы бойынша А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектептің жетекшілік ететін оқушылары (жетекшісі Әуезхан Бахтияр Абылханұлы) Сапарбай Асылхан, Сухрап Аңсар, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары (жетекшісі Байболаева Мейрамкүл) Алпыс Дінмұхаммед, Ысабек Асылжан, М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептіңоқушылары (жетекшісі Ислам Бекзат Сәлімұлы) Тұрсынхан Әкежан Мейрханұлы, Шайхы Нұрсаят Нартайұлының құрастырған роботтары таныстырылды.
Жиынды Бауыржан Қуанышбайұлы ашып, ұлағатты ұстаздар қауымын аудандық Тамыз педагогикалық кеңесінің ашылумен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
– Құрметті кеңеске қатысушылар! Сіздерді жаңа оқу жылымен аудан әкімінің атынан, Шардара халқының атынан құттықтаймын! Баршаңызға шәкірт тәрбиелеу ісінде зор табыстар тілеймін. Тамыз кеңесі осы жылдар аралығында дәстүр болып қалыптасқан алқалы жиын ғана емес, білім беру ісіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді саралайтын және алдымыздағыны пысықтайтын маңызды басқосу. Білім – адамзатқа ортақ игілік әкелетін қазына. Осы құндылықты бойға сіңіретін тұлға – мұғалім. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» дейді Ұлы Абай. Ол рас. Себебі ұстаз жәй білім беретін маман иесі ғана емес, ол екінші ата-ана десем, мен қателеспеймін. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адамзат баласы бас иеді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату екінің бірінің қолынан келе бермейді. Жаңа оқу жылы жаңалықтарға толы болсын! Игілікті істеріңзге педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілеймін,- деді Бауыржан Қуанышбайұлы.
Ауданның білім саласындағы жемісті еңбектері үшін бір топ ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілерімен, облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Жиында аудандық білім бөлімі басшысы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы баяндама жасап, 2023-2024 оқу жылында ауданның білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып өтті.
– Құрметті әріптестер, қадірлі ұстаздар! Бүгін біз дәстүрге айналған Тамыз кеңесінде кездесіп, өскелең ұрпаққа тәрбие беретін басты міндеттерімізді айқындайтын негізгі мәселелер – білім саласын жаңа серпіліспен бастауға бағыт беретін мақсатта бас қосып отырмыз. Биылғы тамыз кеңесінің басты тақырыбы – «DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім» болса, негізгі мақсаты – білім саласындағы жасанды интеллект технологияларының озық үлгілерін енгізу жолдарын қарастыру, цифрландыру процестерімен жасанды интеллект технологияларының қарқынды даму жағдайында барлық деңгейдегі білім жүйесін дамыту, жалпы тәсілдерін қалыптастыру. ХХІ ғасыр ақпараттық ғасыр екені белгілі. Цифрлық технология дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы үшін оқыту процесінде оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарын табуға итермелеп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Себебі халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін тек қана білім. Оның өзінің заманның ағымына, дәуірдің дамуына қарай құрылысы, жүйесі өзгеріп отыруы заңдылық, – деді Жанат Мұсатаева.
Кеңесте ауданның білім саласындағы өткен жылғы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, алдағы жаңа оқу жылына қойған міндеттер сараланды.
Бірқатар ұстаздар жарыссөзге шығып, заманауи білім беру тақырыбы бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Шара соңында аудандық Оқушылар үйінің оқушылары ұстаздарына арнау өлеңдерін оқып, кеңес әуезді әнмен қорытындыланды.
Айта кетейік, аудан бойынша 2024-2025 жаңа оқу жылы 19 166 оқушымен, 31 жалпы білім беретін мектеп, 2 мектептен тыс, 40 мектепке дейінгі мекемелермен басталып отыр. Биыл мектеп табалдырығын 1822 оқушы алғаш рет аттайды. Бүгінде ауданымызда сапалы білім беруге көптеген жағдайлар жасалып отыр. Оған дәлел білім саласын қаржыландыру жыл сайын еселеп артып келеді. Ауданымызда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 1500 баланы оқыту үшін сапалы білім мен қолайлы жағдайлар жасалған 2 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ