Аудандық аурухананың құрылымын-да 1 орталық емхана, 1 БМСКО Қазақстан, 14 медициналық пункт және 13 дәрігерлік амбулатория бар. Оларға тіркелген 69 664 халықтың барлығына медициналық қызмет көрсетіледі. Олар-дың қатарында 1592 бір жасқа дейінгі балалар болса, 26504-і 14 жасқа дейін-гілер, 4563-і жасөспірімдер. Жалпы 33707 әйелдердің 13759-ы туу жасында. Биылғы жылдың өткен бес айында 627 бала дүниеге келді. Ана өлімі тіркелген жоқ, ал онкологиялық жағдай бойынша аурушаңдық биыл жиырма болып тұр.
Аудандық орталық ауруханада жал-пы тәуліктік стационар бойынша 173 төсек орны бар, ал күндізгі стационарда 55 төсек орын қамтылған. Жалпы ал-ғанда биылғы бес айда 3327 адам тәу-ліктік стационарда, 4008 адам емхана жанындағы күндізгі стационарда, ал 312 адам ауруханада күндізгі стационарда ем қабылдап шыққан.
Жалпы жоғарыда көрсетілген көр-сеткіштердің алдын алу және болдыр-мау мақсатында Шардара аудандық орталық ауруханасында түрлі іс-шара-лар атқарылуда. Медицина қызметкер-лері қазіргі таңда үйме-үй аралап, жаңа босанған әйелдер, жаңадан туылған нәрестелер, үйде жатқан науқастарға барып медициналық көмек көрсетіп, ме-дициналық ақпараттық-танымдық мате-риалдар тарқатып отырады.
Аудандық емханада түрлі іс-шаралар – атап айтқанда «Туберкулездің алдын алу», «Сүт безі обырының алдын алу», «Дүниежүзілік жүрек күні», «Бронх демікпесінің алдын алу», «Дүниежүзі-лік темекі шегуге қарсы күрес күніне» және «26 маусым халықаралық наша-қорлыққа және есірткінің заңсыз айна-лымына қарсы күрес күні», «Дүние-жүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні», «Ауғанстан Демократиялық Респуб-ликасынан Кеңес әскерлері шектеулі контигентінің шығарғанына 35 жыл толуына орай» тақырыптарда ашық есік күндері, семинар сабақ, тренингтер жүргізілді. 1маусым – Балаларды қорғау күніне орай аудандық емханада кең ауқымда концерттік бағдарлама және 1 жасқа дейінгі нәрестелерді қосымша тамақтандыру бойынша мастер кластар өткізілді.
Салауатты өмір салтын қалыптас-тыру бойынша аудандық емхананың дәрігерлері жыл бойы әртүрлі тақырып-тарда мектептерде және колледжде оқу-шылар және студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Шардара аудандық орталық емха-насында "Пациенттерді қолдау бойын-ша Call center" ашылды. Call центрде арнайы психолог және оператор маманы тұрғындарға қызмет көрсетеді.
2023 жылдан бастап емхана жаңа ғимаратқа көшіп, түрлі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Айта кетсек, 2023 жылдан бастап Колонос-копия аппараты іске қосылды. Бұл құ-рылғы жаңа салынған емханамен бірге облыстық бюджет қаржысына алынып берілген. Ол әдіс негізінен тік ішек, тоқ ішектегі қатерлі ісіктері, қабыну процес-терін, қатерсіз ісіктерді, полиптерді дер кезінде анықтауға көмектеседі. Соны-мен қатар тоқ ішек және тік ішек обырын ерте анықтау үшін жүргізілетін скри-нинг өзіміздің ауруханада өтетін болды. Аталған құрылғы аудан тұрғындарына көрсеткіш түрлеріне қарай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін қызмет көрсе-тіледі. Мұндай диагностикалық манипу-ляцияларды ауданымыздың білікті эндоскопист дәрігері жасайды. Сондай-ақ орталық аурухананың хирургия бөлімінде «Краниопластика» операция-сы жасалынды. «Краниопластика» деп аталатын ота әдетте, бастағы ұйыған қанды, ісікті алғаннан кейін, бас сүйек-тің сынған бөліктерін алып тастағаннан соң жасалады. Ол мидың қайта зақым-дануына жол бермей, жарақаттан кейін болатын асқынулардың алдын алады. Бұл отада науқастарға Міндетті әлеу-меттік медициналық сақтандыру аясын-да тегін жасалады.
Аудандық ауруханада енді компью-терлік томографияны контрастты ажы-ратымдылықтағы кескіні бойынша диа-гностикалық қызмет көрсететін болды. Контрастты КТ – ның басты артықшы-лығы - қабыну процестерін, кисталарды, қан ұйығыштарын, склерозды, ісіктерді ерте диагностикалауға мүмкіндік бере-ді, зерттеу уақыты бірнеше минутты құрайды. Осы аспаптық зерттеудің кө-мегімен онкологияны анықтап қана қоймай, оның жеке ошақтарын (метас-таздар), сондай-ақ басқа да патология-лық процестерді табуға болады. Сондай-ақ өкпенің, бауырдың, ұйқы безінің қатерлі ісіктерін, іш қуысының патоло-гиясын, көкбауырдың, бүйректің, бау-ырдың жарақаттарын, қан тамырлары мен қан ағымының жағдайын, мидағы артериялардың қан кетуін немесе ке-ңеюін, сүйектердің зақымдануын, тіпті ең кішкентайларын сапалы диагности-калауға мүмкіндік береді.
Көп жағдайда процедура қатерлі ісік процесіне күдік туындаған кезде немесе қатерлі ісікті қатерсіз ісікпен саралау үшін ұсынылады.
Ондай сырқаты бар науқастарға же-дел көрсеткіштері бойынша және мін-детті әлеуметтік медициналық сақтан-дыру аясында дәрігерден жолдама алу арқылы тегін қызмет көрсетіледі. Ал-дағы уақытта науқастар осы қызмет түрін алуға облыс орталығына бармай-ақ, Шардара аудандық орталық ауру-ханасынан көмек ала алады.
Аудандық ауруханаға 3 жедел жәр-дем автокөлігі алынды. Жаңадан тапсы-рылған «Hyundai i30» маркалы сани-тарлық автокөліктері заманауи меди-циналық құрал-жабдықтармен қамтыл-ған. Автокөліктер IV-жеделділік сана-тында қызмет көрсететін жедел меди-циналық жәрдем бригадаларына бе-рілді.
Шардара аудандық орталық ауру-ханасының «Патологиялық анатомия-лық» бөліміне аудан әкімі А.Қарсыбаев-тың тікелей демеушілігімен 3 мәйіт орналастырыла алатын мұздатқыш сый-ға тартылды. Аурухана базасына ең қажетті аппаратты алып бергені үшін «Шардара Армспорт» спорт клубының ұжымына Шардара аудандық аурухана-сы әкімшілігі тарапынан алғысымызды білдіреміз.
Ауруханамызда емделушілердің құр-метіне бөленіп, дәрігер деген қызметіне бар күш-жігерлерін жұмсап жүрген ақ халаттыларымыз көптеп саналады. Молдапанаева Айман Арысбековна, Азтаев Кайрат Саттарович, Ким Татьяна Геннадьевна, Халикова Айжан Туткабаевна, Алибеков Ерлан Асқарұлы, Азаматова Анаргуль Суюнбаевна, Кайназаров Даулет Баянбаевич сынды дәрігерлеріміз бен Бағила Шамшидинова, Лаззат Мұсаева, Мейрамкүл Мамбетова, Айша Тлегенова, Роза Маханова, Гүлжан Джумабекова, Даметкен Исаева, Рано Пердебаева мен Гүлнәз Ерносова сияқ-ты мейіргерлер өз қызметтерін жетік білетін мамандар. Сонымен қатар олар ауруханадағы қоғамдық жұмыстар мен түрлі мерекелік шараларға да атсалы-сады.
Алда келе жатқан медицина қызмет-керлерінің мерекесімен барша ұжым мүшелерін, ақ халатты дәрігерлер мен мейіргерлерді құттықтай отырып, отба-сыларында амандық, атқарып жүрген жұмыстарында мол жетістіктер тілей-мін.
Сейтханов Мұхидин ӘБУҰЛЫ–
аудандық орталық аурухананың бас дәрігері

НАУҚАСТАР ОБЛЫСҚА БАРМАЙ АУДАНДА ТЕКСЕРІСТЕН ӨТЕДІ
Қазіргі таңда аудандық ауру-ханада эндоскопист, хирург, мам-молог, уролог, травматолог маман-дары жұмыс атқаруда. Амбула-ториялық хирургия бөлімінде-5 күндізігі төсек орны бар. Бөлімше тәулік бойы ауруханада болуды талап етпейтін, бірақ күндізгі уақытта емдік-диагностикалық шаралар көрсетіліп отырған па-циенттерге стационарды алмас-тыратын көмек көрсетеді. Жалпы күндізгі стационарда ем алғандар саны-77.
Амбулаториялық-хирургия бө-лімінде 6 дәрігер, 9 мейіргер және 5 кіші медбике қызмет жасайды. Бөлім меңгерушісі Орынбек Джаббаров Оңтүстік Қазақстан ме-дицина академиясының түлегі. 2012 жылы Алматыдағы С.Асфендияров атындағы меди-цина академиясында білімін жетіл-діріп қайтқан. Қазір ол аудандық ауруханаға шұғыл түскен кез кел-ген науқастың шұғыл отасына қа-тысады. Аудандық аурухананың дәрігерлері барлық ота түрлерін жақсы меңгерген.
Былтырғы жылмен салыстыр-ғанда ауруханада жасалынған ота-лар саны көбейді. Атап айтқанда «Өңештің кеңейген тамырларына эндоскопия жолымен байлау», «Асқазан ішек жолдарынан қан кетуді тоқтату» және тағы басқа да оталар осында жүргізілуде. Сондай-ақ амбулаториялық-хи-рургия бөлімінде жергілікті жан-сыздандыру арқылы шап жарығы, варикоцеле, водянка, липомалар, флегмона оталары жасалынады. Емханада фиброгастродуоденос-копия – өңеш, асқазан және он екі елі ішекті зерттеудің ең ақпарат-тандырылған әдісі арқылы 5 айда 300 науқасқа көмек көрсетілді.
Ауруханада 2023 жылдан бас-тап Колоноскопия аппараты іске қосылды. Бұл құрылғы жаңа салынған емханамен бірге облыстық бюджет арқылы берілген. Ол әдіс негізінен тік ішек, тоқ ішектегі қатерлі ісіктер, қабыну процес-терін, қатерсіз ісіктерді, полип-терді дер кезінде анықтауға көмек-теседі. Сонымен қатар тоқ ішек және тік ішек обырын ерте анықтау үшін жүргізілетін скрининг тік тексеру ауруханада өткізіледі. Аталған құрылғы аудан тұрғын-дарына көрсеткіш түрлеріне қарай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін қызмет көрсетіледі. Мұндай диаг-ностикалық манипуляцияларды ауданымыздың білікті эндоскопист дәрігерлер жасайды. Алдағы уа-қытта науқастар тексеру бойынша облыс орталығына сабылмай, кө-мекті аудандық ауруханадан ала алады. Өткен 5 айда 25 науқас түсірілді.
Шардара аудандық орталық ем-ханасында жыл сайын Амбула-ториялық хирургия бөлімінде дәрі-герлер тегін "Сүндеттеу акциясын" өткізеді. Акция барысында ауданы-мыздан 100-ге жуық бала сүндеттеліп, ауданымыздың білікті хир-ург дәрігерлері Қайрат Азтаев, Жаңабай Оразбаев, Орынбек Джаббаров, Ержан Мауленов, Ермахан Халмурадов және мейір-бикелер балаларға "Скальпелдік және лазерлік" әдіспен көмек көр-сетеді.
Аудандық аурухананың «Амбулаториялық хирургия» бөлімінің дәрігерлері емдеудің жаңа жүйе-лерін меңгере отырып, аудан хал-қына қалытқысыз қызмет көрсете бермек.
ҚОЛЫ ШИПАЛЫ ДӘРІГЕРЛЕР
Шардара аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде ана мен баланың денсаулығын сақтап, нығайту үшін барлық жағдайлар жасалған. Соның нәтижесінде ана мен бала өлімі жоқ. Жылдан жылға бала туу көрсеткіші артып келеді.
Айталық, биылғы жылдың бес айында 338 әйел босанған, араларында бір егіз бар. Туылған 339 нәрестенің денсаулықтары жақсы. Осы мерзімде босанған әйелдердің 29-ы ота жасау жолымен босанды, яғни оның 21-і жоспарлы түрде, ал қалған 8-і шұғыл шаралар негізінде жасалынды. Жоспарлы түрде ота жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Перзентханаға жоғары категориялы дәрігер, акушер-гинеколог Халикова Айжан Тұтқабайқызы меңгерушілік етеді. Сонымен қатар жоғары кате-гориялы дәрігер, акушер-гинеколог Дүйсенов Абдысаттар Құралұлы, әйелдер кеңесшісі, акушер-гинеколог дәрігерлер Айзада Ұлықпанқызы мен Таңшолпан Абдималикова, неонатолог дәрігер Аубакирова Гүлзат Оралбайқызы, аға акушер Мамбетова Мейрамкул Аллабердіқызы ана мен баланың саулығын сақтауда бар күш жігерлерін жұмсауда.
Олар бірінші кезекте аналардың бала көтеруге мүмкіндіктерінің бар-жоғы, сау бала сау анадан туылатындығын түсіндіреді. Жүктілікке дейінгі асқынулардың жүктілік кезінде күшейе түсетіндігі, туылған баланы алты айға дейін емшек сүтімен тамақтандыру қажеттілігі айтылады. Сонымен қатар дәрігерлер жүктіліктің алдын алу бойынша да түсінік береді.
–Ауданымызда 14 228 бала туу жасындағы аналар болса олардың қазіргі таңда 595-і есепте тұр. Өздері мен балаларының денсаулықтары дәрігер-лердің бақылауында. Перзентхана жұмысын мұнан да жақсы ұйымдастыру бағытында босанатын әйел-дерге арналған функционалды кереуеттер, нәрес-телерге арналған Т система реанимациялық аппара-тына, вакум – шұғыл босанатын әйелге көмек ретін-де қолданатын басқа да аппараттар мен құрылғы-ларға тапсырыс бердік,– дейді акушер-гинеколог Абдысаттар Құралұлы.
Адамзаттың өмірінің жалғасы болып табылатын сау нәрестелерді өмірге әкелетін аналардың денсау-лықтарын күзетіп, шипа сыйлап жүрген ақ халатты абзал жандарға төл мерекесі – медицина күні құтты болсын дейміз!
Бетті дайындаған Жаңабай Сейдуәлиев