Өткен аптада Үндістан елінің Мумбай қаласына армрестлингтен өтетін VIII Азия кубогіне Ел намысын қорғауға еліміздің құрама командасы қатарында «Шардара Армспорт» спорт клубының спортшылары да аттанған болатын. Аталған байрақты бәсекеге Азия құрлығының бірқатар елдерінен құрыш білекті спортшылары қатысып, тартысты әрі қызықты өтті. Ел намысын арқалап барған жерлестеріміз, байрақты бә-секеде өз мықтылығын тағы бір дәлелдеп 23 алтын алқаны қанжығалады. "Шардара Армспорт" құрамасы Еліміздің жалпы командалық есепте көш бастауына осылайша өздерінің орасан үлестерін қосты. Екінші орынды Үндістан мемлекеті иеленсе, Иордания мемлекеті үшінші орынға табан тіреді.
Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестермізді атап айтар болсақ жас жеткіншектер арасында Азия кубогінің иегерлері Ибрагим Азамат, Назар Заңғар, Хали Текжігіт, Әшім Азат, Алдан Нұрсұлтан, Анвар Эльдар, жасөспірімдер арасында Азия кубогінің иегерлері Жасурбек Маманияз, Қожабек Бекнұр, Мелдебек Болат, Ибрагим Әділет, жасөспірім қыздар арасында Азия кубогінің иегерлері Оралбай Ұлжан, Оразхан Ырысты, жастар арасында Азия кубогінің иегері Айыпхан Ерсұлтан, ересектер арасында Азия кубогінің иегерлері Қожантай Бекжан, Зәрубек Санжар, Ерсайын Мейрамбек, Айдархан Нұрдаулет, Қаржау Есболат, Бекжігіт Асылжан, Тұрғанбек Тұрарбек, Басымбек Нұрболат, Хали Қасымжомарт және Роман Даниярлар Азия кубогінің жеңімпаздары болып алтыннан алқа тақ-ты.
Барша әнұранымызды шырқатып, жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді құттықтай келе, алдағы бұданда үлкен байрақты бәсекелерде көк туымызды көкке көтеріп, ел абыройын асқақтата берулерін тілейміз!
“Шартарап-Шарайна”–
ақпарат