ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жоғары қан қысымы (гипертония) дегеніміз не?

Денсаулық
Жоғары қан қысымы немесе гипертония – қан тамырларындағы қысымның қалыпты деңгейден жоғарылауы. Қан қысымы жүрек қан айдаған кезде тамырларға түсетін қысым мөлшері арқылы өлшенеді. Ұзақ уақыт бойы жоғары қан қысымы жүрекқан тамыр жүйесіне зиян келтіріп, жүрек аурулары, инсульт және басқа да денсаулық проблемаларының дамуына әкелуі мүмкін.
Гипертонияның таралуы және белгілері
Гипертония – кең таралған аурулардың бірі. Ол көбіне жылдар бойы ешқандай айқын белгісіз дамуы мүмкін. Дегенмен, уақыт өте келе қан тамырлары мен ағзаларға (ми, жүрек, көз, бүйрек) зиянын тигізуі мүмкін.
Гипертонияның негізгі белгісі – бас ауруы. Бұл ми тамырларының тарылуы немесе спазмы салдарынан пайда болады. Сондай-ақ келесі белгілер байқалуы мүмкін:
Бас айналу,
Кеудедегі ауырсыну,
Жүрек соғысының жиілеуі,
Көз алдындағы қара дақтар,
Шаршағыштық.
Гипертонияның себептері
Гипертонияның дамуына бірнеше фактор әсер етеді:
Тұқым қуалаушылық – егер ата-аналарыңызда гипертония болса, сізде де оны дамыту қаупі жоғары.
Жас ерекшелігі – қартаюға байланысты қан тамырларының серпімділігі төмендейді, бұл қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Зиянды өмір салты – физикалық белсенділіктің аздығы, дұрыс тамақтанбау, артық салмақ, тұзды та-ғамдарды шамадан тыс тұтыну гипертонияның пайда болу қаупін арттырады.
Созылмалы аурулар – қант диабеті, бүйрек аурулары, гормоналды бұзылулар қан қысымының көтерілуіне ықпал етуі мүмкін.
Гипертонияны анықтау және алдын алу
Гипертонияны дер кезінде анықтау маңызды. Қан қысымын тұрақты өлшеу – аурудың бар-жоғын анықтаудың ең сенімді әдісі. Дәрі-герлер жылына кемінде бір рет медициналық тексеруден өтуді ұсынады.
Алдын алу үшін:
Тұз бен майлы тағамдарды тұтынуды шектеу,
Дене белсенділігін арттыру,
Артық салмақтан арылу,
Стрестен аулақ болу,
Темекі мен алкогольден бас тарту қажет.
Гипертонияны емдеу
Гипертонияны емдеу дәрілік препараттармен және өмір салтын өзгертумен жүргізіледі. Дәрігер науқастың жағдайына қарай қажетті емдеу әдістерін тағайындайды. Егер ауру уақтылы емделмесе, инфаркт, инсульт, бүйрек жеткіліксіздігі сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Жоғары қан қысымы – елеусіз қалдыруға болмайтын ауру. Оны ерте анықтап, алдын алу және дұрыс емдеу арқылы асқынулардың алдын алуға болады. Өз денсаулығыңызға мұқият болып, қан қысымын бақылауда ұстаңыз!
СУЛЕЙМЕНОВА Гулжамила
Шардара аудандық емхананың мейіргері
Made on
Tilda