ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Энергетикалық сусындар: пайдасы мен зияны

Денсаулық
Энергетикалық сусындар – біздің нарығымызда салыстырмалы түрде жаңа өнім. Алайда олардың танымалдығы жылдам өсуде. Сергектік пен күш беретін қасиеттері арқасында бұл сусындарды студенттер (әсіресе сессия кезінде), ұзақ сапарға шығатын жүргізушілер және үздіксіз еңбек ететін адамдар жиі тұтынады. Бірақ біз осы сусындардың құрамын және олардың ағзаға тигізетін әсерін толық білеміз бе? Энергетикалық сусындарды тұтыну денсаулыққа қалай әсер етеді, оларды қолдану қажет пе?
Энергетикалық сусындардың құрамы мен әсері
Энергетикалық сусындар – кофе орнына қолданылатын дәрумендер қосылған сусындар. Екі банка сусында кофеиннің тәуліктік мөлшері бар, сондықтан олар адамды қою кофе сияқты сергіте алады. Бірақ кофені кез келген жерде іше алмайсыз, ал энергетикалық сусын ыңғайлы әрі жолға алып жүруге қолайлы.
Сергектік не нәрсенің есебінен пайда болады? Біріншіден, энергетикалық сусын құрамында дәрумендер мен глюкоза кешені бар. Бұл заттар қанға тез сіңіп, ағзадағы тотығу процесіне қатысады, нәтижесінде ми мен бұлшықеттерге қажетті қуат беріп, адамға күш-қуат сыйлайды. Сонымен қатар, бұл сусындардың көпшілігі газдалған, бұл олардың ағзаға тез сіңуіне және әсерінің күшеюіне ықпал етеді. Осы себепті энергетикалық сусыннан кейінгі сергектік сезімі кофемен салыстырғанда екі-үш есе ұзаққа созылады.
Энергетикалық сусындардың денсаулыққа ықпалы
Өндірушілер тәулігіне бір-екі банкадан артық ішпеуді ұсынады. Себебі бұл сусындар қан қысымын жоғарылатып, қандағы қант деңгейін арттыруы мүмкін. Сондықтан оларды ерекше сақтықпен тұтыну қажет. Мамандар энергетикалық сусындарды тек аса қажетті жағдайда ғана, бір реттік ынталандырғыш ретінде қолдануға кеңес береді.
Энергетикалық сусындарды ішкеннен кейінгі төрт сағат ішінде құрамында кофеин бар шай, кофе және басқа да сусындарды тұтынуға болмайды. Себебі бұл ағзадағы кофеин мөлшерінің шамадан тыс артып кетуіне әкелуі мүмкін.
Кімдерге энергетикалық сусын ішуге болмайды?
Энергетикалық сусындарды жүкті әйелдерге, гипертония, глаукома және жүрекқан тамырлары жүйесі аурулары бар адамдарға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге тұтынуға тыйым салынады. Бұл жерде ата-аналардың рөлі өте маңызды. Тыйым салудан гөрі, жасөспірімдерге энергетикалық сусындардың зиянын түсіндіріп, олардың денсаулыққа тигізетін кері әсерін ұғындыру қажет.
УМЕШОВА Гүлжан Әмірешқызы
Шардара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы
Made on
Tilda