Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні Көксу ауыл округіндегі «Темірқазық» шаруа қожалығының егістік алқабында «Аватар» ауыл шаруашылығы технологиясы» компаниясының қысқаша таныстырылымы және ұшу дронымен күріш егудің озық технологиясы бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинарға аудандық ауыл шар-уашылығы бөлімі және ауыл округі әкімдігінің жауапты мамандары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес семинарды аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешов ауданда күріш, мақта және басқа да дақылдарды өсіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша қысқаша тоқталып өтті. «Аватар» ауыл шаруашылығы технологиясы» компаниясы ақылды ауыл шаруашылығы саласына ма-манданған жоғары технологиялық кәсіпорын. Компания өкілдері дәстүрлі ауыл шаруашылығын цифрлан-дыру мен интеллектуалдандыруды ілгерілетіп, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жасанды ин-теллект технологияларын біріктіре отырып, экологиялық таза, тиімді және ақылды агроэкожүйе құруды мақ-сат ететіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар компания Түркістан қаласына ауыл шаруашылығы дрондарын, ауылшаруашылық машиналарының автопилот жүйелерін, смарт суару жүйелерін өндіретін зауыттар мен зерттеу орталықтарын салуға инвестиция салуды жоспарлап отырғандығын, қазіргі таңда ауыл шаруашы-лығы дрондарын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, ол маусым айының басында іске қосылып, алғашқы дрон өндіріледі деп жоспарлануда.
AD580 дронының артықшылықтары:
Бір реттік 70 литр пестицид шашу мүмкіндігіне ие, сағатына 30 гектар жерді өңдей алады және оны бас-қару үшін тек екі адам қажет. Қолмен еңбекке қарағанда тиімділігі 40–80 есе жоғары, пестицид үнемі — 10–30%, су үнемі — 90%-ға дейін. Қазіргі нарықтағы ең ауыр жүктемені тұрақты түрде көтере алатын дрон. Жұмыс өнімділігі жоғары, сапасы сенімді. Дрон сатып алушыларға біз толық оқыту бағдарламасын ұсынамыз. Барлық жұмыс ережелері түсіндіріледі, тіпті алғаш рет қолданатын адам да оңай меңгере алатындығын, маусымдық үзіліс кезінде дрондарды зауытқа қайтарып, терең диагностика мен техникалық қызмет көрсететіндігін, бұл дронның қызмет ету мерзімі мен жұмыс тиімділігін арттыратынын айтып өтті. Біз кәсіби операторлар тобын құрдық. Егер үлкен алқапта төтенше жағдай орын алса, біз шұғыл көмек қызметін ұсынамыз. Бізге хабарлассаңыз болды, барлық қажетті жабдықтармен жедел түрде фермаға келіп, көмек көрсетеміз. Биылғы жылы егілетін күріш, мақта көлемі жайлы айта келе, мұндай семинарлардың шаруалар үшін өте тиімді және маңызды екенін ескере отырып алдағы уақытта жалғасын табатынын жет-кізді.
Жиын соңында шаруалардың күріш, мақта дақылын егу, мақта шаруашылығы дамытуға қатысты ой-пікірлері, ұсыныстары мен сұрақтарына тиіс жауап беріліп, түсіндірілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі