1 наурыз — Алғыс айту күні – Қазақстан халқының бір-біріне деген ықыласы мен мейірімін білдіретін, бірлік пен татулықты дәріптейтін мереке. Бұл күн – елімізде тұратын барлық ұлттардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға арналған күн.
Алғыс айту күні – бұл Қазақстандағы этникалық топтар мен ұлттар арасындағы бірлікті нығайту, адамдардың бір-біріне ықыласын арттыру, қайырымдылықты насихаттау мақсатында тойланатын мереке. Бүгінгі таңда бұл мейрам еліміздегі ең сүйікті және маңызды күндердің біріне айналды. Мұндай күндерде әр-бір адам өзіне көмек көрсеткен, қиын сәттерде қолдау білдірген жандарға алғыс айтып, оларды құрметтейді. Бұл мереке қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті арттыруға үлес қосады.
Мен де осы мерекені пайдаланып, өз алғысымды білдіргім келеді. Кеңес одағының тарауы мен экономикалық тоқырау кезеңі елімізде көптеген отбасыларға қиындықтар әкелді. Жұмыссыздықтың көбейіп, жұмыс орындарының жабылуы салдарынан біз де қиын жағдайда қалдық. Бірақ біз өзіміздің қиын-дықтарымыздан шығу үшін бір сенімді орынға – «Жұмыспен қамту орталығына» жүгіндік. Балаларымыз мектепке барып, біз осы орталық арқылы жұмыс табуға мүмкіндік алдық.
Орталықта жұмыс істейтін Зейнедилова Ұлдықыз Жәлелқызы біздер үшін ерекше адам болды. Оның мейірімді жүрегі, кеңпейілділігі және жылы сөзі талай отбасыларға жол көрсетті, қиындықтан шығуына көмектесті. Бүгінде біз осы күндерге шүкіршілік айтып, Ұлдықыз Жәлелқызын әрдайым құрметпен еске аламыз. Аш кезде жеген нанның дәмі ауыздан кетпейтіні сияқты, оның бізге жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпаймыз. Уақыт емші дегендей, сол қиын кезеңдер артта қалды. Бүгінде балаларымыз жоғары оқу орындарын бітіріп, заманауи біліммен өз салаларында қызмет атқарып жүр. Ал біздер өзіміздің өмірімізді жөнге келтіріп, әрқайсымыз өз жолымызда дамып келе жатырмыз.
Бұл мерекеде мен өз алғысымды білдіріп, құрметті Ұлдықыз Жәлелқызына зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Алла сізге ұзақ ғұмыр беріп, арман-тілектеріңіз орындалсын. Өзіңізді танитын адамдардың алдында мәртебеңіз биіктеп, есіміңіз әрқашан құрметпен атала берсін!
АҒМАНОВА Болсынай –зейнеткер