ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Бильярдтан жарыс өткізілді

Спорт
Аудандық «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың келіп, бос уақыттарын тамаша көңіл-күймен өткізулеріне барлық жағдай жасалған. Атаулы және мерекелі күндерде әдеби кештер өткізіліп, оған келушілер де қатыстырылып, сауық-сайран болып тұрады. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану, оңалту бағытында да түрлі шаралар өткізіледі.
Орталықта Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында денешынықтыру маманы Нұрбол Сейдуалиевтің ұйымдастыруымен бильярдтан жарыс өткізіліп, оған 25 орталыққа келіп қызмет алушы қатысты.
Нәтижесінде 70 жасқа дейінгі бильярдшылар арасында Талипов Байдулла бірінші, Орақбаев Беркінбай екінші, Ирсалиев Сәрсенбек үшінші орындарды иеленді. Ал, 70 жастан асқан қызмет алушылар арасында Ақберді Оралбай бірінші орынның жеңімпазы болса, екінші орынды Жүнісбеков Шардахмет иеленді. Үшінші орын Мырзагелдиев Тәжібайға берілді.
Жеңімпаздарға орталық басшысы атынан Алғыс хат пен жүлделер табысталды.
Бильярд жеңімпаздарына алдағы кезде де мол жетістіктер тілейміз.
Г.БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Made on
Tilda