ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласы «Әбу Мансур әл - Матуриди» мешітінің жамағаты әйел - қыздармен «Діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында «Әбу Мансур

Дін
Ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласы «Әбу Мансур әл - Матуриди» мешітінің жамағаты әйел - қыздармен «Діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында «Әбу Мансур әл - Матуриди» мешітінің ұстазы Жұмабай Жәмила Құранбекқызы қатысты.

«Әбу Мансур әл - Матуриди» мешітінің ұстазы Жұмабай Жәмила Құранбекқызы: Кез келген деструктивтік діни ұйымы және оның жетекшілері өзінің қатарына жаңа адептерді тартуға ұмтылып, бірінші кезекте олардың өмірлік маңызды мұқтаждықтарына назар аударады. Сондықтан, адамды деструктивтік діни ұйымына тарту себептері жетерлік, олардың арасында: көбіне психологиялық жағдайы әлсіз, ойлау деңгейі төмен, енді қалыптасып келе жатқан жасөспірімдер немесе әлеуметтік жағдайы нашар адамдар кіреді. Қорытындылай келе, бұл ағымдардың мақсаты - адамдарды бағындыру арқылы заңсыз байлық пен билікке кол жеткізу. Деструктивті діни ағымдардың салдарын әлеуметтік жарнамаларда күшейте отырып, жоғары нәтижелерге жетуге болады. Деструктивті діни ағымдарға мүше болып жатқан азаматтар отбасынан қолдау көрмеген жандар екендігін ескерсек, баланың жас күнінен отбасы мүшелеріне жақын болып, діни сауатын отбасы жағдайында қалыптастыруына көңіл бөлінуі керек екенін айтып өтті.

#ҮздікАТТ

#ҮздікАТТ2025

#Үздіктеолог

#АТТісшара

#31

#Шардара_ауданы_Түркістан_облысы.
Made on
Tilda