Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, аудандық - ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиевтың жетекшілігімен қала, аудан АТТ мүшелерінің қатысуымен біліктілігін арттыруға бағытталған кезекті бас қосуы өтті. Кездесуде аудан әкімінің орынбасары, аудандық - ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі Бауыржан Қуанышбайұлы: Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы - жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі - жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады. Қазіргі таңда азаматтардың дәстүрлі діннен адасып, өзге діннің жетегінде кетіп жатқандығы - қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Қоғамда дәстүрлі рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен іс-шаралар өткізу, жастардың тәрбиесі, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ұялы телефонға тәуелділігі, жат діни ағымдардан сақтану, шет мемлекеттерде діни білім алудың қауіптілігі туралы айтып өтті. Ақпараттық - түсіндіру тобының қызметі ең алдымен, жастар, жұмыссыздар және олардың отбасы мүшелері, жеке кәсіпорындардың, сауда, қызмет көрсету саласының қызметкерлері, әлеуметтік сала мамандары оның ішінде мұғалімдер мен әскеи қызметкерлер және де дәрігерлер арасында да ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мәжіліс соңында ақпарат кеңістікті жақсарту, ата - аналардың жауапкершілігін күшейту, шет елге діни оқу орындарына оқуға кетуге бейім жастармен жұмыс атқару жүктелді. Қала, ауыл округі АТТ мүшелері мамандарына 2025 жылға бекітілген тапсырмалар жүктеліп, әдістемелік көмектер көрсетіліп, тиісті нұсқамалар берілді.