Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Алатау батыр ауылдық округі «Алатау батыр» мешітінің жамағатымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Шетелде діни теологиялық білім алудың қаупі» - тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, Шардара ауданы Алатау батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Төребаев, «Алатау батыр» мешітінің ұстазы Қ.Садықбаев қатысты.
Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, шетелде діни теологиялық білім алудың қаупі, ұлттық құндылықтар, дін мен дәстүр, қазақ даласында мұсылмандық мектептің қалыптасу тарихы сынды тақырыптар қозғалды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров қазіргі таңда жастарымыздың жат ағамдардың арбауына түсіп қалмауы үшін жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру керектігін, әлеуметтік желілерде тыйым салынған уағыздардан сақтануын түсіндіре келе тұрғындарға ҚМДБ - ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, халқымыздың салт - дәстүрлері, әдет - ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды. Сондай - ақ кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісуге немесе жарияламауға шақырды. Кездесу соңында қатысушыларды толғандыратын мәселелер бойынша жауаптар берілді.