ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Кәсіптік бағдарлау – білікті маман болуға жол ашады

Қазіргі заманғы еңбек нарығында білікті мамандарға деген сұраныс күн сайын артып келеді. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін әрбір адам өзінің қабілеті мен қызығушылығына сәйкес мамандықты дұрыс таңдауы маңызды. Бұл таңдауда кәсіптік бағдарлау маңызды рөл атқарады, себебі ол жастарға болашақ мамандығын анықтап, кәсіби дамуға бағыт береді.
Кәсіптік бағдарлау – бұл жеке тұлғаның бейімділігі, қабілеті, қызығушылығы мен еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып, мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал ететін үдеріс. Оның басты мақсаты – жастарды болашақ кәсіби өмірге дайындап, оларды білікті маман ретінде қалыптастыруға жағдай жасау.
Кәсіптік бағдарлау жеке тұлғаның әлеуетін ашуға, оның қандай салада табысты бола алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жастардың болашақта өз мамандығында жемісті жұмыс істеуіне жол ашады. Қазіргі заманда сапалы және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізі. Кәсіптік бағдарлау осы мақсатқа жетуге көмектеседі.
Жастарға нарықтағы ең өзекті мамандықтар туралы ақпарат беру арқылы кәсіптік бағдарлау еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.
Өз бейімі мен қабілетіне сәйкес мамандық таңдаған адам жұмыссыз қалмайды. Бұл жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, қоғамның әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға әртүрлі мамандықтардың артықшылықтары, кемшіліктері мен мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынылады. Оқу орындарында кәсіптік бағдарлау аясында өндірістік тәжірибе, экскурсиялар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, оқушылар нақты кәсіби ортаны көреді. Білім беру мекемелеріндегі кәсіби кеңесшілер оқушыларға мамандық таңдау бойынша нақты ұсыныстар береді.
Әрбір адам өз қабілетіне сай мамандықты таңдап, өз ісінде табысты болуға мүмкіндік алады. Дұрыс мамандық таңдаған адам экономикалық өсімге ықпал етеді. Білікті мамандардың саны артқан сайын ел экономикасы тұрақты дамып, елімізде жұмыссыздық деңгейі төмендейді.
Кәсіптік бағдарлау – жастардың білікті маман болуына бастайтын алғашқы әрі маңызды қадам. Ол тек жеке адамның ғана емес, жалпы қоғамның дамуына ықпал етеді. Сондықтан мектептерде, колледждерде және басқа да оқу орындарында кәсіптік бағдарлау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бұл болашақта жоғары деңгейдегі мамандардың қатарын арттырып, қоғамның тұрақты дамуына жол ашады.
Алия НАСРЕДИНОВА –
Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің кәсіптік бағдар беру педагогы
Made on
Tilda