Сырбек Каттебеков атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасына негізделген құндылықтарды тиімді қолдану» тақырыбында пән апталығы өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың тек білімін арттырып қана қоймай, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, ұлттық тәрбиеге баулу.
Апталықтың салтанатты ашылуында биылғы жылы мерейтойы тойланатын қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері еске алынып, олардың шығармашылығына құрмет көрсетілді.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балташева Эльмира сөз сөйлеп, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің маңыздылығын атап өтті.
Апталық аясында бірлестік ұстаздары түрлі сыныптарда ашық сабақтар өткізді. Әр сабақ оқушылардың әдебиетке деген қызығушылықтарын оятып, сыни ойлау қабілеттерін дамытуды көздеді.
Сағындықова Шынар 5 «г» сыныбында «Менің атым – Қожа. Қожа бейнесі», Ибраймова Несібелі 6 «а» сыныбында С. Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі – рухани қазына», Алиева Злиха 5 «ә» сыныбында Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» және 5 «б» сыныбында «Жол белгілерін білеміз бе?», Молдағұл Халипа 10 «в» сыныбымен Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз», Кушбашиева Гүлжайна 7«б» сыныбында М.Әуезовтің «Көксерек», Мусаева Райса 9 «в» сыныбында Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», Бейсенова Ләззат 8 «б» сыныбында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Көшенова Гүлзада 6 «в» сыныбында О.Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат», Ақжарова Ласмин 9 «б» сыныбында Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», Кенжегулова Элвира 7 «в» сыныбында «Жау тылындағы бала» повесінің тақырыбы мен идеясы», 6 «г» сыныбында Жаңабаева Алуа "Жусан иісі " әңгімесіндегі типтік бейнелер, Казиева Гаухар 8 «ә» сыныбында М.Мақатаев"Аққулар ұйықтағанда"поэмасының идеясы» атты тақырыптарда ашық сабақтар өтті.
Апталық барысында өзім де 7-сынып оқушыларымен «Әдебиеттер достығы – халықтар достығы» атты танымдық сабақ өткізіп, оқушыларды ұлттар арасындағы достыққа шақырдым.
Пән апталығының қорытындысы ретінде «Ақынның сөзі – жүректе» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешті ұйымдастырушы ұстаздар – Мусаева Райса, Кенжегулова Элвира және Кушбашиева Гүлжайна оқушыларды шығармашылыққа баулуда ерекше еңбек сіңірді. Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Әріптестер мен оқушылар ақын жырларына деген құрметін білдіріп, әсерлі сәттермен бөлісті.
Шара соңында апталыққа белсене қатысқан мұғалімдер мен оқушыларға алғыс айтылып, үздік шыққандар марапатталды. Кештің сәнін келтірген сахна безендіруі де ерекше көз тартты.
Бұл пән апталығы оқушыларға білім мен тәрбиені ұштастырып, олардың бойына ұлттық рух пен мәдени құндылықтарды сіңіруге зор үлес қосты.
КАПАРОВА Ермек Онгаровна –Сырбек Каттебеков атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі