ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерімен «Дін және мәдениет», «Ұлтаралық және дінаралық татулық» - тақырыбында кездесу өтті

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерімен «Дін және мәдениет», «Ұлтаралық және дінаралық татулық» - тақырыбында кездесуге аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, аудандық мәдениет үйінің қызметкері С.Бегманов қатысты.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 18 конфессия және 3800-ден аса діни бірлестік өзара татулықта өз қызметтерін атқарып келеді. Яғни, Қазақстан көпконфессиялы мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституиясы мен Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы азаматтардың ар-ождан бостандығына кепілдік берген. 2011 жылы 11 қазанда қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының преамбуласында: «Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алатыны» туралы аталып өткен. Əлемдегі кез - келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі - ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады деп сөзін қорытындылады.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Мәдениет адамның өз қолымен, ақыл - ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан мәдениет саласының өрісі кең. Қазақ мәдениеті дүниетанымдық тұжырымнама-ларының қалыптасуындағы ислам құндылықтарының идеялық алғышарттарын анықтау, Қасиетті Құран Кәрім мәтіндеріне салыстырмалы сараптама жасау негізінде қазақ мәдениетіндегі рухани құндылықтардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін тану, Қазақстандағы дәстүрлі исламға жат, радикалды ағымдардың қоғамға таралуының алдын алу, қазақстандық қоғамда орын алған рухани құндылықтар құрылымында исламның гуманистік және әлеуметтік мазмұнына, адамның рухани болмысындағы ислам құндылықтарына мәдени антропологиялық сараптама жасау зерттеудің өзектілігін арттыра түседі деп сөзін қорытындылады.
Made on
Tilda