Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани әлемінде ерекше орны бар ғұлама, ақын, ойшыл және ағартушы. Ол – ұлттық жаңа әдебиеттің негізін қалаушы ғана емес, сонымен қатар елдің мәдениеті мен ой-санасының қалыптасуына зор үлес қосқан тұлға.
Абайдың өлеңдері мен қара сөздері – қазақ халқының жаны, болмысы мен дүниетанымының көрінісі. Оның шығармашылығы тек көркем әдебиет емес, терең философиялық, тәрбиелік және ұлттық құндылықтарды бойына жинақтаған рухани мұра. Абайды терең танытуда Мұхтар Әуезовтің еңбегі ерекше. Дегенмен, Әуезов жазған «Абай жолы» романы мен шынайы тарихи деректер арасында айырмашылықтар бар. Бұл роман кеңестік кезең талаптарына сай жазылды, сондықтан қазіргі тәуелсіздік кезеңінде Абай мұрасына жаңаша көзқарас қажет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы – осы бағыттағы маңызды бағдар. Абайдың Шығыс әдебиетімен үндестігі де назар аударуға тұрарлық. Абайды Шығыстан бөле қарау орынсыз, себебі қазақ халқы – Шығыс өркениетінің бір бөлігі, түркілік мәдениет пен ислам дінінің жалғастырушысы.
Абайдың өмірі мен дүниетанымына әкесі Құнанбайдың әсері зор болған. Құнанбай – өз заманының көсемі, шешені, дін мен дәстүрді терең меңгерген қайраткер. Оның рухани-ағартушылық еңбектері мен ел басқарудағы тәжірибесі Абайдың қалыптасуына тікелей әсер етті. Бұл жайында Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай әулетінің тарихы», Тұрсын Жұртбайдың «Би Құнанбай» сияқты еңбектерінде кеңірек баяндалған.
Қорытындылай келе, Абай – тек ақын емес, қазақ халқының сан ғасырлық даму жолын айқындайтын кемеңгер. Оның мұрасын зерттеу – ұлттық болмысты терең танудың бір жолы.
Ақмарал
БАЙХОНОСОВА – А.Әлімбетов атындағы ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі