Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ) – жүректің бұлшық етінің жиырылу қабілеті төмендейтін жағдай, организмнің ағзаларына және тіндеріне оттегі мен қоректік заттектерді жүрек жеткілікті мөлшерде жеткізе алмайды.
Жүрек – конус тәрізді қуыс бұлшық етті ағза, қайталанатын ырғақты жиырылу арқылы қантамырларының бойымен қан ағынын қамтамасыз етеді.
Жүректің қан айдайтын қызметі әлсірегенде өкпеде қанның жиналуы, аяқ ұшында, тобық маңайында ісіну аталатын сұйықтықтың жиналуы орын алады. Жүректің камералары жүрек бұлшық еті әлсіздігінің салдарынан жүректің ішінде қанды көп жинақтайды, бұл оның қабырғасының тығыздалуына апарады.
Бүйректе қан ағыны әлсіреуінің нәтижесінде организмде сұйықтықтың (судың) және тұздың жинақталуы басталады. Егер сұйықтық қолда, аяқта немесе басқа ағзаларда жиналатын болса, организм қанға толады. Мұндай жағдай жүректің созылмалы іркілісті жеткіліксіздігі деп аталады.
Жүректің әр түрлі камераларының арасында немесе жүректен ортаға ағатын қан жүректің қақпақшалары арқылы өтуі тиіс. Бұл қақпақшалар олар арқылы қан өтетіндей ашылады. Одан кейін қанның кері ағынына кедергі келтіру үшін олар жабылады. Бұл қақпақшалар дұрыс жұмыс істемесе, жүрек арқылы бүкіл орга-низмге қан ағыны бұзылады. Бұл жүректің жеткіліксіздігіне апаруы немесе оның барысын нашарлатуы мүм-кін. ЖСЖ болуы науқастың жүрегі қызмет ете алмайды дегенді білдірмейді.
Симптомдары
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің симптомдары ұдайы, өтпелі, ауыр немесе жеңіл болуы мүмкін.
Аурудың негізгі симптомдары:
Тыныс алудың қиындауы, өкпеде сұйықтық жиналуының және іркілуінің нәтижесінде дене жаттығуларын орындағанда және тыныш күйде де болатын құрғақ, үзілісті жөтел.
Жүректің созылмалы іркілісті жеткіліксіздігінің симптомдары – тобықтың ісінуі, одан кейін аяқтың, іштің ісінуі, салмақтың ұлғаюы; түнде несептің жиі жүруі; іштің кебуі, тәбетті жоғалтуға немесе жүрек айнуына апаратын.
бас айналуы, шаршау, әлсіздік. Ағзаларға және бұлшық еттерге қан ағынының төмен болуынан науқас өзін шаршаулы, әлсіз сезінеді. Мидың қан айналымының төмен болуы бас айналуын немесе естің қалыпты болмауын туындатуы мүмкін.
жүректің тез немесе ұдайы емес соғуы, себебі, қанның жеткілікті мөлшерін айдауы үшін жүрек тезірек соға бастайды.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде жоғарыда келтірілген симптомдардың бірі ғана байқалуы мүмкін, ауру симптомсыз өтуі мүмкін, бірақ, бұл симптомдардың бірінің болуында жүректің әлсіздігі болуы міндетті емес.
Аурудың болжамы
Жалпы, ЖСЖ бар науқастарда аурудың болжамы теріс, бірақ, науқастар көп жыл бойы өмір сүре алады. ЖСЖ бар науқастарда кенеттен болатын өлім-жітімнің қаупі басқаларға қарағанда 3 есе жоғары. Сондықтан, ауруды уақтылы анықтап, сәйкес емдеуді бастау аса маңызды.
Қашан дәрігерге көріну қажет?
ЖСЖ баяу дамиды, көптеген адамдар оны организмнің қартаюы ретінде санайды. Мұндай жағдайда көпшілік науқастар соңғы сәтке дейін дәрігерге баруды созады. Өзіңізде ЖСЖ симптомдары болса, және бір күнде 1,5 кг салмақ қоссаңыз, немесе аптасына 2,5 кг қоссаңыз, шұғыл дәрігерге көрініңіз.
Алдын алу
Асқынудың алдын алу үшін науқас келесі ұсыныстарды қадағалауы тиіс:
аурудың белгілерін бақылауды жүргізіңіз.
Артериалдық қысымның деңгейінің қалыпты болуын қадағалаңыз.
Организмде сұйықтық жиналуын бақылау үшін өзіңіздің салмағыңызды ұдайы тексеріңіз, денеңізде ісіну аумақтары болуын тексеріңіз. Қажет болса, салмақ тастаңыз. Күнделікті өлшену ұсынылады, күнделікті таң-ертең бірдей киіммен, сондай-ақ, несеп шығарудан кейін, бірақ, тамақ ішердің алдында емес.
Су үйлесімін бақылаңыз. Дәрігер күнделікті тұтынатын судың мөлшерін, әжетханаға бару жиілігін қадаға-лауды ұсынады. Қантамырларында сұйықтық көп болған сайын организмді қанмен қамтамасыз ету үшін жүректің соғуы қиындайды. Сұйықтық ішуді күніне екі литрге дейін азайту жүректің жұмысын жеңілдетуге және жүрек жеткіліксіздігінің кейбір белгілерінің алдын алуға көмектеседі.
Тұзды тұтынуды шектеңіз. Тұз біз тұтынатын көптеген өнімдерде болады. Егер тұзды тұтынуды шектесеңіз, организмде сұйықтық азырақ жиналады, ісіну азаяды, тыныс алу жеңілдейді.
Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілерді қабылдаңыз. Дәрілер жүрек жұмысында, артериалдық қысымды төмендетуде, организмде сұйықтық жиналуы үрдісінің және аурудың нашарлауының алдын алу үшін қажет. Жүрек жеткіліксіздігіне қарсы көптеген препараттар зиянды гормондардың шығарымын азайту үшін қолда-нылады.
Дәрігерге жиі тексеріліңіз. Дәрігерге бару кезінде ол салауатты өмір салтын жалғастыруыңызды және жағдайыңыздың нашарлмауын қадағалайды. Көбінесе, дәрігер күнделікті өлшену туралы ақпаратты сұ-райды, дәрілерді тағайындайды. Маманға барар алдында сұрақтарыңызды жазып алыңыз. Сұрақ қойып, жауап алудан қорықпаңыз. Дәрігерге ұстамалар, дәрі қабылдау туралы хабарлаңыз, мүмкін шектеулер туралы сұраңыз. Басқа саланың дәрігері тағайындаған дәрілерді қабылдауға болатындығы туралы дәрігеріңізден сұраңыз.Жүректі зақымдаудан қорғау үшін келесілер қажет: Темек шегуді қою
Салауатты салмақты қолдау артериалдық қысымды, қандағы холестерин деңгейін бақылау ұдайы спортпен шұғылдану, алкоголь тұтынбау.
Келесі медициналық препараттарды қабылдаудан алшақ болыңыз: Нестероидтық қабынуға қарсы препараттар аритмияға қарсы кейбір препараттар кальцийлік каналдарды тежейтін препараттардың көпшілігі тұздың алмастырғыштары секілді тағамдық қоспалар.
Д.Б.ҚАЙНАЗАРОВ,
Шардара аудандық орталық ауруханасының кардиолог дәрігері.