Шардара ауданының елу жылдан асқан спорттық тарихында көптеген жетістіктерге қол жеткенін білеміз. Аудандық спорт бөлімін басқарған Амантұр Жұмабаевпен қоян-қолтық жұмыс жасап құрылыс материалдары комбинаты жастарынан «Силикат» командасын құрып, еліміздің Қостанай секілді ірі қалаларына жарысқа алып барып жеңістермен оралып жүрген ардагер спортшы Әбдіаюхан Қалдаров ағамыздың ерен еңбегін көпшілігіміз ұмыта қойған жоқпыз.
Республикалық «Қайрат» футбол командасы ардагерлерінің өзі шардаралық спортшылардың ойынына тәнті болып, қаламызға келіп жолдастық кездесу өткізген.
Жыл сайын Жетісай ауданының Абай ауылдық округінде (Винсовхоз) генерал Мырзадинов атындағы турнир өтеді. Сол турнирде шардаралық спортшылар үш рет бірінші, үш рет екінші, үш рет үшінші орындардың жеңімпаздары болған. Шымкенттегі «Локоматив» стадионында өткен КСРО спорт шебері, халықаралық педагогика ғылымдарының академигі Мардан Сапарбаевты еске алу құрметіне өткізілген халықаралық футбол турниріне қатысқан ауданымыздың аяқдоп шеберлері шалғайдағы Шардара ауданында да болашақ Пелелер мен Марадоналар өсіп келе жатқанын сөздерімен емес, істерімен дәлелдей алды. Ауданымыздың өзінде Батыр Бердниковтың, Социалистік Еңбек Ері Қадірбек Махановтың, олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтардың турнирлері өткізілген.
Міне, осындай мол жетістіктерге жетуге атсалысқан ағаларының қатарында өмірінің соңғы сәттеріне дейін Шардара аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарған Аманқұлов Ермек Тілеуқұлұлының орны ерекше. Бұқаралық спорттың дамуына сүбелі үлесін қосып, өзінің спорт пен досқа деген адалдығы, әділдігі, шыншылдығымен өзгелер арасында шоқтығы биік, ерекше азамат болды.
Ермек Тілеуқұлұлы Аманқұлов 1960 жылдың 1 маусымында Жамбыл облысының Шу ауданындағы Белбасар кеңшарында дүниеге келген. М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» факультетін бітірген. 1983 жылы Шардара қаласына қоныс аударып, ауданның өнеркәсіп саласында еңбек жолын бастаған. Жастайынан спортты жанына серік еткен Ермек Тілеуқұлұлы 2001 жылы аудандық №1 Балалар мен Жасөспірімдер спорт мектебіне футбол спортынан жаттықтырушы болып жұмысқа қабылданады.
2006-2009 жылдары аралығында аталмыш спорт мектебіне нұсқаушы, 2009-2015 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2015 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Шардара ауданында жаңадан ашылған футболдан Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып жемісті қызмет етті.
Ермек Аманқұлов ауданда футбол спортының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Жаттықтырушы болып еңбек ете жүріп, жасөспірім аяқдоп шеберлерінің түрлі жарыстарға қатысуына жиі-жиі демеушілік көрсетті. Ол баптаған командалар облыс пен республикада жүлделі орындарды бағындыра білді. Ауданда тұңғыш рет құрылған футбол мектебінің аяққа тұрып, қанатын кеңге жаюына елеулі еңбек сіңірді.
Спорт саласындағы жетістіктері мен айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл» мерекелік медальдарымен, басқа да Алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталған.
Шардара спортына еңбегі сіңген Ермек Тілеуқұлұлы Аманқұлов 60 жасқа қараған шағында 2020 жылдың 1 мамырында өмірден өтті.
Одан кейінгі басшылықты қолына алған Ермектің ізін басып келе жатқан шәкірті Тәліпов Жиенбек Байдұллаұлы мектептің жұмысын бірден игеріп кетті. Түрлі деңгейде жарыстар мен турнирлер өткізіп, онда мектеп спортшыларының биік деңгейден көрінуіне бар күш-жігерін жұмсап келеді.
Мектеп басшысы болған Ермек Тілеуқұлұлы Аманқұловтың еңбек жолын жас спортшыларға үлгі ету, есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да жұмыстар жасауда.
Ермек Тілеуқұлұлының қайтыс болғанына бір жыл толғанда қоладан толық мүсіні жасалып, мектеп алдына қойылды. Оған әр спорт мерекесінде, өткізілетін турнирлерде, Ермектің туылған күнінде гүл шоқтары қойылып, өмір жолы жас спортшыларға өнеге ретінде таныстырылады. Сонымен қатар үш жыл көлемінде үздіксіз дәстүрге айналып, жасөспірімдер арасында футболдан Ермек Тілеуқұлұлы Аманқұлов атындағы облыстық турнир өткізіліп келеді.
Биылғы Шардара ауданының спорт ардагері Аманқұлов Ермек Тілеуқұлұлын еске алуға арналған кіші футболдан 2012 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы Шардара аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің облыстық турнирі ардагердің туылған күні – 1 маусымда орталық стадионда өткізілді. Оған облысымыздан 13 команда қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айдаров Еркебұлан Тоқтарұлы:
– Құрметті турнир қонақтары мен спортшы жасөспірімдер! Баршаңызды бүгінг спорт ардагері ағамыз Ермек Тілеуқұлұлын еске алуға арналған бүгінгі облыстық турнирдің ашылуымен және халықаралық Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Сіздер бүгін облысымыздың әр өңірінен турнирге келіп ағамыздың рухын аспанға көтеріп отырсыздар.
Бүгінгі турнирде бәріңізде биік жетістіктен көрінуге лайықтысыздар. Келешекте мықты спортшы болып, аудандарыңыздың даңқын шығара беріңіздер! Турнирді ашық деп жариялаймын, – деді.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін Ермек Аманқұловтың әріптесі, Шардара спорт мектебінің басшысы Абай Сакиев, замандас-достары ардагер Нұралы Пірімбетов пен Жетісай спорт клубының жаттықтырушысы Бақыт Бегмановтар жас спротшыларға сәттілік тілеп, Ермек туралы естеліктерімен бөлісті.
Келесі кезекте Шардара аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жиенбек Тәліпов ойын форматы мен ережесін таныстырып өткеннен кейін қызықты кездесулер басталып кетті. Турнир барысында тамашалауға келген жасөспірімдерге 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай тегін балмұздақтар тарқатылып, дастархан жайылып, Ермек Тілеуқұлұлының рухына аудандық орталық мешіттің бас имамы Марат Асанов пен найб имамы Еркебұлан Жұмаханов Құран бағыштады.
Турнирге қатысушы командалар бірінші кезекте кіші футболдан айналым тәсілімен төрт топқа бөлініп бақ сынасты. Одан жеңімпаз болған командалар жартылай финалда кездесті. Жетісай спорт клубы командасын Сарыағаш командасы 2-0 есебімен ұтса, Кентау командасы Шардара БЖСМ-3 командасынан 1-2 есебімен жеңіліс тапты. Келесі кезекте Жетісай командасы Кентау командасын 1-0 есебімен жеңіп жалпы есепте үшінші орынды еншіледі. Ақтық финалда Шардара БЖСМ-3 Сарыағаш командасына 2-4 есебімен есесін жіберіп алып, екінші орынды қанағат тұтты. Ермек Аманқұловты еске алу турнирінің бірінші орын жеңімпазы болып Сарыағаш командасы танылды.
Сол сияқты Шардара БЖСМ-3 спортшысы Оңласбек Уәли «Ең үздік шабуылшы», төлебилік Жақсыбай Айдос пен Ережеп Арнұр «Үздік қорғаушы», кентаулық Бабахан Данияр, Жетісай спорт клубының спортшысы Ахмет Нұрасыл, Жетісай БЖСМ-1 спортшысы Роман ?, Мырзакент спорт клубы спортшысы Құралбек Нұртілеу «Үздік жартылай қорғаушы", созақтық Сұлтанәлі Диас, қазығұрттық Мергенбай Айсұлтан, төлебилік Әли Мұстафа «Үздік қақпашы» және Шардара БЖСМ-2 (Мирас) ойыншысы Әсембай Нұржан, шардаралық Анарбек Ұлан, Келес БЖСМ-1 ойыншысы Орынбасар Сапарғалилер «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталып, сыйлыққа доп, футбол формасы, спорттық сумка, кубок, грамота, сертификат берілді.
Марапаттарды Шардара ауданы әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы табыс етті.
Турнирге келген ардагер спортшы Ермек Аманқұловтың ұлы, полиция қызметкері Нұржан мен келіні Мәдина және немерелері ұйымдастырушылар мен қатысушыларға деген шексіз ризашылықтарын білдірді.
– Биылғы турнир жылдағыдан ерекше жағдайда өтті. Барлық командалар мықты дайындықпен келгендіктерін көрсете білді. Келешекте олардың арасынан атақты спортшылар Темір Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, жерлесіміз Абдіаюхан Қалдаровтардай аяқдоп саңлақтары шығып, еліміздің намысын қорғайтындықтарына сенімдімін, – дейді турнирді ұйымдастырушы, Шардара аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жиенбек Байдүллаұлы.
Иә, жұмыс бар жерде қашанда нәтиже болатыны баршамызға белгілі. Олай болса алдағы күндерге үлкен сеніммен қараған мектеп басшысының сөзіне біз де қосылып, жас спортшыларымызға жаңа жетістіктер тілейік.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ