Бүкіл дүниежүзін өзіне қаратқан Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Құрбанов күміс жүлдегер атанып, еліміздің абыройы тағы бір асқақтады.
Нариман гимнастикадан ақтық кезеңде 15,433 ұпай жинап, екінші орын алды. Алтын жүлдені ирландиялық Рис Мак Ленаган (15,533) жеңіп алса, қола медальді америкалық Стивен Недорошик (15,300) еншіледі. Осы-лайша, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.
Бұл–Париж Олимпиада-сында Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль. Осыған дейін нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде еншілеген еді. Ал дзюдо-шы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалаған болатын. Еске салайық, қазақстандық гимнаст Милад Карими еркін жаттығудың ақтық кезеңінде 14,500 ұпай жинап, 8 спортшының ішінде 5-орынға тұрақтаған еді.
Сонымен қатар, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жерлестері туған өңірі – Жамбыл облысында сән-салтанатпен күтіп алды. Олимпиада чемпионына Тараздан бес бөлмелі пәтер мен «Lexus 600» көлігі табысталды. Ал оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке «Hyundai Santafe» көлігі мен екі бөлмелі пәтер табыстал-ды. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсетіп, Елдос Сметовтің әкесі Бақтыбай және анасы Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстады. Қазақстан Дзю-до федерациясы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қазақтың рухын асқақтатып, қола жүлдеге ие болған Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады. Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жо-ғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның сыңары Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті "капитан" әскери атағы мерзімінен бұрын берілді.
Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасы 11 тамызға дейін жалғасады.
«Шартарап – Шарайна» – ақпарат