– Сәлеметсізбе, Асан аға?! Алдымен өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.
– Әрине. Мен 1951 жылы киелі Шардара топырағында дүние есігін аштым. Әкем Ибадулла Өзбекстанның Жиззах облысынан 1939 жылы осы өлкеге көшіп келіпті. Әкем осы өлкеде алғаш бау-бақша өнімдерін өсірумен айналысқан жандырдың бірі. Бізді бала кезімізден еңбекке баулыды. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте оқып, 1968 жылы Сауда училищесіне оқуға түсіп "Сауда және бухгалтерлік ісі" мамандығын игердім. Кейін Жезқазған облысында әскер қатарында болып, Отан алдындағы қасиетті борышымды өтедім. Бірақ білімге деген құштарлық мені тоқтатпады. 1972-1977 жылдары Душанбе қаласындағы В.И.Ленин атындағы Тәжік мемлекеттік университетінің экономика факультетін аяқтадым.
– Алғаш еңбек жолыңыз қалай басталды?
– Алғаш еңбек жолымды ХРСУ мекемесінде бухгалтер болып бастадым. Алайда көп ұзамай Шымкенттен шақырту келіп, Мемлекеттік мүлікті талан-таражға салуға қарсы күрес мекемесіне (ОБХСС) басшылық қызметке орналастым. Осылайша Шардара жерінде еңбек ете бастадым.
1979 жылы Кеңес әскерлері Ауғанстан жеріне аттанғанда, мен де өз борышымды өтеуге шақырылдым. 1981 жылы парсы тілін жетік меңгергенім себепті Мәскеуден арнайы шақырту алып, Ташкентте алты айлық дайындықтан соң, Кабул қаласына жол тарттым. Содан кейін Лағман провинциясында жауынгерлік міндетімді абыроймен атқардым.
Елге оралғаннан кейін бұрынғы жұмыс орнымда Мемлекеттік мүлікті талан-таражға қарсы күрес мекемесі басшысының орынбасары қызметін атқарып, одан алты ай Литвада Каунас қаласында және бір ай Павлодарда «Мемлекеттік мүлікті талан-таражға салуға қарсы күрес» мектебінде оқыдым, одан әрі осы сала бойынша біліктілігімді арттыру мақсатында Горький қаласында білімімді шыңдадым. 1985 жылдан 1996 жылға дейін ауданымызда Мемлекеттік мүлікті талан-таражға қарсы күрес мекемесінің басшысы қызметін атқарып, зейнетке шықтым.
– 1 мамыр – Бірлік күні сіз үшін қандай маңызға ие?
– Бұл күн мен үшін ерекше қымбат. Себебі бейбіт өмірдің, ынтымақтың қадірін мен өз көзіммен көргенмін, өз басымнан өткізгенмін. "Бірлік бар жерде – тірлік бар" дейді қазақ халқы. Әлемде қаншама елдер әлі күнге дейін соғыстан көз ашпай келеді. Ал біз болсақ – бейбіт аспан астында, татулық пен түсіністікке негізделген қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бұл – бабалар армандаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ең үлкен жеңіс. Бірлік – біздің еліміздің ең үлкен күші. Түрлі ұлт өкілдері "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" өмір сүріп жатыр. Осы құндылықты сақтау – әрбір азаматтың борышы деп білемін.
– Қазақ пен тәжік халықтарының арасында қандай ұқсастықтар бар деп ойлайсыз?
– Екі халықтың арасында ұқсастық өте көп. Ең алдымен – қонақжайлылық. Үйге келген мейманға төрден орын ұсыну – біздің қанымызда бар қасиет. Сонымен бірге, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, бала тәрбиесіне ерекше мән беру – бұл екі халықтың да ортақ қасиеті. Ұлттық тағамдарымыз, әдет-ғұрыптарымыз да ұқсас. Әсіресе той-томалақтағы салт-жоралғыларда айырмашылық шамалы. Бұл ұқсастықтар біздің рухани байланысымыздың тереңдігін көрсетеді.
– Қазақстанда өзге ұлт өкілі ретінде өмір сүру қандай сезім сыйлайды?
– Мен өзімді Қазақстанның перзентімін деп санаймын. Себебі бұл жер мені өсірді, осы ел маған білім мен өмірлік жолымды ашты. Қазақстан – барлық ұлт өкілдеріне бірдей мүмкіндік беретін, бейбітшілік пен ынтымақтың мекені. Мұнда әр ұлттың салтына, мәдениетіне, тіліне құрметпен қарайды. Ұлттың атына емес, адамның абыройына қарап бағалайды. Сол үшін өзімді бақытты сезінемін.
– Тәжік халқының ұлттық дәстүрлері туралы айтып өтсеңіз.
– Тәжік халқы үшін ең ұлық мейрам – "Наурыз". Бұл – көктемнің, жаңару мен жасампаздықтың мерекесі. Наурызда адамдар бір-біріне ізгі тілектер айтып, өкпе-реніштерін ұмытып, татуласады. Ұлттық тағамдарымыз – самса, шашлык, палаулар ерекше дастарханның сәні болады. Сондай-ақ той-томалақта ұлттық би биленіп, ата-бабалардан келе жатқан әдет-ғұрыптар жаңғырып отырады.
– Жұбайыңыздың ұлты кәріс екен. Екі ұлттың отбасы құруы қаншалықты қызықты?
– Иә, жұбайым – кәріс ұлтының қызы, есімі – Павлина Пак. Әйелім Жетісайдың тумасы. Отбасы құрмас бұрын анамыз қарсы болған еді. Алайда келіндерінің жақсы қасиеттерін көрген соң, ризашылығын білдірді. Біз екі ұлттың мәдениетін де, салтын да үйлестіре отырып, бір-біріміздің құндылықтарымызды сыйлап өмір сүріп келеміз. Бұл жерде ең бастысы – түсіністік пен құрмет. Бала тәрбиесінде де екі халықтың жақсы қасиеттерін ұштастырып, көпұлтты Қазақстанның шынайы азаматы болуға баулыдық.
Жұбайым бес уақыт намазын оқып, ораза ұстайтын жан. Алланың берген ұл-қыздарын тәрбиелеп, олардан немере сүйіп отырмыз. Балаларымның барлығы жоғары білімді. Үлкеніміз – Аман, ауыл шаруашылығымен айналысады. Қыздарым Лоло мен Әзиза – ұстаздық жолды таңдап, шәкірт тәрбиелеуде. Ал кіші қызым Гүлшан – дизайнер. Қыздарымның барлығы Шымкентте тұрады, қазақ отбасыларының келіндері.
– Жастарға ұлтаралық татулық туралы қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?
– Жастар – біздің болашағымыздың жарқын бейнесі. Олар бірін-бірі түсініп, бір-біріне құрметпен қарауы керек. Өзге ұлттың тілін, мәдениетін үйренуге ұмтылған адам әрқашан озық болады.
"Ырыс алды – ынтымақ" деп бекер айтылмаған. Бірліктің қадірін ұғынған ел ғана өркендейді. Сондықтан жас буын бейбітшілік пен достықты көздің қарашығындай сақтау керек.
– Әсерлі әңгімеңіз үшін рахмет, Асан аға! Еліміздегі бірліктің, бейбітшіліктің асыл туын әрдайым биікте желбірету жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!
Сұхбаттасқан:
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ