Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық. Еліміздегі өңірлік маңызды салалардағы тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы орта құру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жасалып келеді.
Табиғат қорғау саласында қызмет атқаратындықтан біздің міндетімізге жергілікті жерлердегі тұрғындар арасында қоршаған ортаға қатысты заңнамалық актілер туралы түсіндірме мен «заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» - деген ұранды басшылыққа алып үгіт-насихат жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу қажет етіледі.
Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы Республикалық мемлекеттік мекемесі табиғатымызды келешек ұрпаққа аман сақтап өткізуді, табиғат байлығын талан-таражға түсірмеуге және жемқорлыққа жол бермеу, болдырмау мақсатында, өз үлесімізді қосамыз және бұл ұжым қызметкерлерінің Отан алдындағы тұрақты ұстанымы әрі ұраны.
Бөлім инспекторларына рейдтік іс-сапарға шығар алдында, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның қоғамдағы және кез-келген ортадағы өзін-өзі ұстауы мінсіз болуы жөнінде әрдайым ескертіліп отырады.
Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру және алдын алу, болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнату мақсатында әрдайым құқықтық оқытулар өткізіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Antikor.Live» жобасы шеңберінде, азаматтық қоғаммен диалог орнату мақсатында, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың ықтималдылығына ішкі талдау жүргізу мақсатында, Инспекцияда «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында тоқсан сайын семинарлар өткізілуде. Балық шаруашылығы субъектілері, әуесқой балықшылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, Инспекция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтар орын алмағандығын хабарлаймын.
С.АЖИХАНОВ – Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының. Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы