Сыбайлас жемқорлық – Тәуелсіз Қазақстанның, бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселелерінің бірі. Тек Қазақстан емес, бұл індет әлемнің қай-қайсы елінде болса, сол елдің қасірет шегері хақ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық қоғамды әділетсіздікке ғана ұрындырып қоймай, елдің экономикалық жүйесінің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, экономикамыздың дамып, жетілуіне кереғар әсерін тигізеді, халықаралық деңгейде елдің жағымсыз иммиджін қалыптастырады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Сыбайлас жемқорлық заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тос-қауыл болу – біздің басты міндетіміз.
ТУРЕБАЕВ Бибосын Рысханұлы – Аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»
КММ-нің директоры
ТУРЕБАЕВ Бибосын Рысханұлы – Аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»
КММ-нің директоры