Ертеден келе жатқан сыбайлас жемқорлық – заман көшіне ілесіп, небір тегеурінді қарсы әрекеттерге төтеп беріп, қай жерде мол қаражат пен пайда болса, сол жерге тамырын терең жаятын қауіпті дерт. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғалы бері бұл кеселге қарсы іс-шаралар жүйелі түрде қолға алынып, заңнаманы жетілдіру жұмыстары да үздіксіз жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің біртіндеп азайғаны байқалады.
Дегенмен, жемқорлықтың ең жиі кездесетін әрі аса қатерлі түрі – парақорлық. Оны түп-тамырымен жою үшін, алдымен пара беруге итермелейтін себептер мен пара алуға жағдай туғызатын негіздерді жоюға бүкіл қоғам болып атсалысуымыз қажет. Пара беру де, пара алу да ешқашан пайдалы болмайтын, керісінше, үлкен қылмыс ретінде қабылданатын қоғамдық сана қалыптастыру – ортақ міндетіміз. Өйткені парақорлық мемлекеттік органдардың қалыпты қызметіне тұсау салып, билік пен басқару құрылымдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын өрескел бұзып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін аяққа таптайды.
Бүгінде осы әлеуметтік дерттің алдын алу мен әшкерелеу шаралары жыл санап күшейіп келеді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдар, ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз құзыреті шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерді жұмылдырып, заң талаптарының мүлтіксіз орындалуына жауап береді.
Сол сияқты әрбір мемлекеттік орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімін нығайтуға бағытталған құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң аясында тиісті ұйымдастырушылық шараларды қолдануға міндетті.
Ж. БЕЙСЕНОВ – Шардара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы