Жәрмеңкеге келгендер ауыл шаруашылығы өнімдерін базар нарқынан 15-20 пайыз төменгі нарықта сатып алды.
Жәрмеңкеде «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінен Нұрсұлтан Амангелдиевтің алып келген 200 келіден астам кептірілген балығы 900-1800 теңгеден саудаланды. Ал, Жаушықұм ауылдық округіндегі Юра Анның «Тұрар» фермер қожалығынан әкелінген 2,0 тонна пияз әр қабы 2000 теңгеден тоқтаусыз сатылып кетті. Сол сияқты Қызылқұм ауылдық округінің «Қуаныш» фермер қожалығының басшысы Ізбаев Бахыт Тағайханұлы мал азығындық арпа, бидай, жүгері дәнін алып келсе, «Арыстан» шаруа қожалығының төрағасы Ақжігітов Мұсабек Пазылханұлы бау-бақша өнімдерін саудаға шығарды.
Ақшеңгелділіктер қауыны мен қарбызын әкелсе, көксулықтар сатылымға 200 келіден арпа мен бидай, күріш және 150 келі сиыр етін жәрмеңкеге шығарды.
«Алтын күз» мерекесіне Достық ауылдық округінің диқандары да асқабақ, кемпір қауын, қарбыздарын алып келген. Сонымен қатар округтегі Гулвира Жанабилова басқаратын «Әсел» балалар бақшасының ұжымы диқандарға қолдау көрсету мақсатында қазақ бұйымдарының көрмесін ұйымдастырып, ауылдық әжелер ансамблі әннен шашу шашты. Шардара ауылындағы ат әбзелдерін жасайтын шебер Бақытжан Керімбеков ат ерін 18-25 мың теңгеден сатылымға шығарды.
– Ауданымымыздың ауыл шаруашылығы еңбеккерлері «Алтын күз» мерекесіне үлкен жетістіктерімен келіп отыр. Күздік бидайдан 3732, жаздық арпадан 4380, бақшадан 262500, көкөністен 22900, картоптан 5750, күнбағыстан 1155, маштан 1749 тонна өнім жиналды, – деген аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұл 210 ауыл шаруашылығы техникаларының жаңадан сатып алынғанын айтты.
«Алтын күз» мерекесі аудандық мәдениет сарайында өз жалғасын тауып, аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы құттықтау сөз сөйледі.
– Ауыл шаруашылығы ауданның экономикалық көрсеткіштерін көтеретін басты салалардың бірі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ауданымыз дамып, қол жеткізген табыстарымыз артып келеді. Нарықты қоғамның қиындықтарын еңсеріп, ата кәсібімізді одан әрі дамытып, ауданымыздың азық-түлік секторын өнімдеріңізбен қамтамасыз етіп отырсыздар. Осындай табанды жетістіктерге толы еңбектеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін, – деген Арман Романұлы ауыл шаруашылығының озаттарын түрлі деңгейдегі номинациялармен марапаттап, сый-сияпат жасады.
«Агроөнеркәсіп кешенінің даму көрсеткіштерін орындаудан озат ауыл» номинациясы бойынша Алатау батыр ауылдық округі бірінші, Сүткент ауылдық округі екінші, Достық ауылдық округі үшінші орындарды иеленді. Ал, Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі «Үздік ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция тартушы ауыл», Жаушықұм ауылдық округі «Су үнемдеу технологияларын ендіруде озат ауыл», Ақшеңгелді ауылдық округі «Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалауда озат ауыл», Көксу ауылдық округі «Бақша өндіруден озат ауыл» номинацияларымен марапатталды.
Сол сияқты аудан әкімі озат агроқұрылымдар бойынша Ұзыната ауылдық округіндегі «Апшен» шаруа қожалығының төрайымы Құралай Қарымбаеваны «Озат күріш өндіруші», Қызылқұм ауылдық округіндегі «Арыстан» шаруа қожалығының төрағасы Мұсабек Ақжігітовті «Озат бақша өндіруші», Қоссейіт ауылдық округіндегі «Алатай ата» шаруа қожалығының төрағасы Алатай Ерғали Бектанұлын «Озат жүгері өндіруші», Ұзыната ауылдық округіндегі «Нұрман» шаруа қожалығының төрағасы Нұрман Дәурен Абайұлын «Озат мақта өндіруші», Көксу ауылдық округіндегі «Жанарыс» шаруа қожалығының төрағасы Мұхтар Жақыповты «Озат мал бордақылаушы», Сүткент ауылдық округіндегі «Садыр» шаруа қожалығының төрағасы Жәнібек Шайховты «Озат қой шаруашылығын дамытушы», Алатау батыр ауылдық округінің жеке кәсіпкері Сәкен Спатайды «Озат құс шаруашылығын дамытушы», Қызылқұм ауылдық округінің «Қуаныш» шаруа қожалығының төрағасы Бақыт Избаевты «Озат мал азығын дайындаушы», Тұрысбеков ауылдық округінің «Әлібай» шаруа қожалығының төрағасы Асан Әлібаевты «Озат балық өсіруші», Тұрысбеков ауылдық округінің «Әлімжан» шаруа қожалығының төрағасы Әлімжан Ешбаевты «Озат ет өнімдерін өндіруші», Достық ауылдық округіндегі «Жаманбай» шаруа қожалығының төрағасы Аблаев Мұрат Дәулетбайұлын «Озат түйе өнімін (шұбат) дайындаушы», Жаушықұм ауылдық округіндегі «Алти-С» шаруа қожалығының төрағасы Ермекбаев Ғалымжан Серікбайұлын «Озат мүйізді ірі қара мал өсіруші», Жаушықұм ауылдық округінің «Нұрболат» шаруа қожалығының төрағасы Құнаров Алтынбек Құрманбекұлын «Озат жылқы малын өсіруші» номинацияларымен марапаттады.
Мерекелік шарада ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерін аудан халқы мен аудандық мәслихаттың депутаттары атынан құттықтаған аудандық мәслихаттың төрағасы Мүтәлиев Бұлтбай Лесбекұлы «Бүгінгі кереметтей болып отырған мерекелік шараға баршаңыз жыл бойы еткен еңбектеріңіздің, маңдай терлеріңіздің нәтижесі болған табыстарыңызбен, жетістіктеріңізбен, керемет көңіл күймен жүздеріңіз жарқын болып келіп отырсыздар. Бұл аудан басшыларының қолдау көрсетуінің, өздеріңіздің адал еңбектеріңіздің нәтижесі. Алдағы кезде де табыстарыңыз бұдан да артып, мәртебелеріңіз биіктей берсін» дей отырып Ақшеңгелді ауылдық округінің «Алинұр» шаруа қожалығы (Аумеков Серік Абдуллаұлы) «Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалауда озат агроқұрылым», Жаушықұм ауылдық округі «Иіржарагро» ЖШС-сы (Шыршыкбаев Оразалы Сапарұлы) «Инвестиция тартуда озат агроқұрылым», «Сая» фермер қожалығынан Альмұратов Жүсіпхан Өтегенұлына «Үздік механизатор», «Тұрар» шаруа қожалығынан Алимов Тасанбай Алхарұлына «Үздік агроном» номинацияларын табыс етті.
Ал, ұзынаталық Нұрпейісов Мұратбек Айтуұлы, қоссейіттік Айдынбаев Еркінбек Асанұлы және көксулық Ералиев Аманәлі Киікбайұлы «Ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген зейнеткер», аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы Оразбаев Нұрғали Берікбайұлы, Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қадыров Құралбек Назарбайұлы, аудандық статистика басқармасының қызметкері Ахметова Роза Досыбекқызы, ауылдық округтердің жер мамандары Серік Самат Серікұлы, Адамбаев Жасұзақ Қойлыбайұлы, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Қаныбеков Дәулеттер «Үздік ауыл шаруашылығы қызметкерлері» номинацияларына ие болды.
Мерекелік шарада «Мерей» ансамблінің өнерпаздары «Қырманға кел, қалқатай», Азамат Әлиакбарұлы «Қазақ жігіттері», «Өмір қандай керемет», кеш қонақтары Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты Қазақстанның Еңбек Ері, компазитор Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншілері Нұрсұлтан Жақсылықов «Менің жолым», «Мен қазақтың ұлымын», Марат Даниярұлы «Рухтастардың әні бұл», «Шынарым», Назар Смағұл «Махаббат назы» және «Көңіл күй» әндерін орындап, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне тарту етті.
Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ