«Бақ шаба ма, бап шама ма?» демей ме қазақ халқында? Болашақта қазіргі таңдағы жастар бейнесі билік тұтқасын ұстап, озық елдер қатарына қосылып, қуатты ел тұғырына айналатын заманда белсенді орын алатын – қазіргі жастар келбеті. Осы орайда аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудан жастары арасында интеллектуалды ойындарды насихаттау, жастар арасынан жан-жақты және талантты жастарды анықтау, жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және ой-өрісін дамытып, белсенділігін арттыру мақсатында «Ақ шағала» мейрамханасында бағы мен бабы қатар шапқан жастардың мықтылығын көрсететін «ОЙ МЕН ОЙЫН» атты интеллектуалды сайыс өтіп, өз мәресіне жетті.
Сайыстың ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы:
–Қайырлы күн, бүгінгі сайысқа жиылған ой мен ойынды сүюші білікті де білімді жастар! Бүгінгі «ОЙ МЕН ОЙЫН» атты интеллектуалды сайысқа қош келдіңіздер! Сайыстың өткізілуіне ықпал жасап, команда дайындап, білім ізденуге өз үлестерін қосып жатқан барша жастарға алғысымызды білдіреміз. Білімді жастар қашанда өз білімдерін дәлелдеп, мықты екендіктерін көрсетуі тиіс. Бүгінгі сайыс сіздерді сынайтын да, шыңдайтын да сайыс болғалы тұр. Өздеріңізді көрсетіңіздер, ауданымыздың жастары, міне осылар деп айшықтай алатындай дәрежеде болыңыздар. Сіздерге тек жеңіс тілеймін! –деп, сайысқа қатысушы жастарға шабыт сыйлады.
Ойын 5 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жеңіл сұрақтар қойылып, екінші кезеңде орташа деңгейдегі сұрақтар, яғни, әлемдік деңгейдегі танымал тұлғалардың туындыларынан сұрақтар берілді. Үшінші кезеңде үш фактімен келтірілген жалпылама логикалық тұрғыда дайындалған сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, төртінші кезеңде фото сұрақтар қойылса, ал соңғы бесінші кезеңде қиындатылған сұрақтар берілді. Сонымен қатар, әр кезеңде 7 сұрақтан болып, әрбір сұрақтан соң ойлануға 30 секунд уақыт берілді және сұрақтар аяқталған соң сұрақтар толық тағы бір қайталанып, 30 секунд қосымша уақыт сыйға тартылды. Команда 5 адамнан құралып, ұйымдаса отырып, берілген сұрақтарға жауаптар арнайы жауап парағына жазылып, ұйымдастырушыларға өткізілді. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жинады. Бесінші айналымнан кейін ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанды.
Айта кетелік, сайысқа Шардара аудандық орталық ауруханасы, №16 колледж, Шардара ауданы әкімдігі аппараты, М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты, «IBilim High School» ЖШС жекеменшік мектебі, Қ.Аманжолов, А.Әлімбетов, №1 М.Әуезов, Қ.Сағырбайұлы, А.Иманов, М.Горький, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі мен Ы.Алтынсарин атындағы негізгі білім беретін мектебі яғни, түрлі сала мамандарынан жасақталған 13 команда қатысты.
Логикалық сұрақтарға негізделген қызықты жарыстың нәтижесіне сәйкес, І орынды Шардара аудандық әкімдігі аппаратының «Білімгер» командасы, екінші орынды аудандық орталық аурухана мамандарынан құралған «Гиппократ» командасы иеленді. Ал ІІІ үшінші орынға «IBilim High School» ЖШС жекеменшік мектебінен келген жастар командасы лайық деп танылды.
Қызықты да тартысты өткен сайысты қорытындылаған Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» басшысының орынбасары Мұсабеков Мейіржан Пердебекұлы:
-Ауданымыздың жастары өздерінің ауқымды жұмыстарымен, қарқынды қимылдарымен ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосып келеді. Олар әрқашанда спортта да, мәдениет пен білім сайыстарында да өздерінің қарым-қабілеттерін танытып, біліктіліктерін көрсетіп жүр. Біз олармен мақтана аламыз. Яғни, сіздер секілді жастармен жұмыс жасап жатқанымызға бақыттымыз. Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті. Арнайы уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта «ОЙ МЕН ОЙЫН» интеллектуалды сайысы өз жалғасатын табатын болады. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар! –деді.
Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған дипломдар мен сыйлықтарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Таласов Бақытжан Амангелдіұлы табыс етті.
Бота Уразова